Басты бет Жаңалықтар Еліміздің екі қаласында ауа сапасы төмендейді

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы төмендейді

Қазақстанның екі қаласында, Қарағанды мен Оралда, 2018 жылдың 14 мамыры күні ауа сапасы нашарлап, жайысз метеорологиялық жағда қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

©inform.kz

Алматы қаласында керісінше, метеорологиялық жағдай аотмосферада ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді. Астананы қоса алғанда республиканың өзге қалаларында ауаның ластануы немесе жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптаспайды деген болжам жасалып отыр.

ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version