Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаңадан...

Алматыда жаңадан 9 субұрқақ салынғалы жатыр

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың тарихи орталығын жаңарту барысында ескірген фонтандарды қалпына келтіру туралы тапсырма берген болатын.

Жаңа фонтандар Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек Жолы, Мәметова және Райымбек көшелерінің арасында бой көтереді. Ал Ұлттық кітапхана, «Жетісу» қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланған.

«Бассейн ыдысы сияқты дәстүрлі фонтандармен қатар «құрғақ субұрқақтар да» іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судың биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады»- Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайта жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңына қоса биылғы жылы мегаполистегі бірқатар даңғылдың жаңа тынысы ашылмақ. Орталықтандыру қағидасына сәйкес қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Өткен жылы 455 аула жаңарса, 2018 жылы қосымша 585 аула модернизацияланады деп күтілуде.

Соңғы жылдары мегаполисте 180 км жол және 700 км инженерлік желілер салынып, жөнделді, бірқатар жолайрықтардың құрылыстары жүруде, магистральды көшелер қазылуда. Сондай-ақ биыл ұзындығы 155 км болатын 157 көше мен 30 шақырымнан асатын жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жоспарланған.

Дереккөзkazinform.kz