Басты бетЖаңалықтарШыңғыс Айтматов «Өзбекстанның халық жазушысы» атағына ие болуы мүмкін

Шыңғыс Айтматов «Өзбекстанның халық жазушысы» атағына ие болуы мүмкін

Мұндай ұсынысқа танымал өзбек әдебиетшісі, «Манас» жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, «Өзбекстан-Қырғызстан» достық қоғамының атқарушы директоры  Зухритдин Исамутинов бастамашылық етті.

«Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматовқа  «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру әділ болар еді», — деді ол.

Президент Шавкат Мирзиёев сәуірде ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралы қаулы қабылдаған болатын.

Дереккөзkazinform.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да