Басты бет Таным Ерлер неден қорқады?
еркек
©dreamstime.com

Ерлер неден қорқады?

Еркек болу оңай емес. Олар да әйелдер секілді эмоциональді болып келеді. Бірақ эмоциясын өзгеге көрсете алмайды. Жұмыста жан-жақты, үйде жақсы әке, керемет жар, достарының арасында беделді болу үшін не кедергі? Ер адамдар неден қорқады? 

1. Үйленуден қорқу

Адамдар біреуге міндетті болудан қорқады. Кейбіреулері тіптен демалысқа да жоспар құра алмайды. Себебі жоспарының орындалмай қалуынан қорықса керек. Ер адам үшін біреуге міндетті болу, өзін құрбандыққа шалғанмен бірдей.
Ер адам
©dreamstime.com

Бойдақ болған керемет, әрине. Бірақ лайықты жарыңды табу, одан да маңыздырақ. Себебі сүйікті адамың барлық қорқыныштарыңнан арылтады.

Үйленудің ер адамдарға пайдасы көбірек. Бірақ көбісі отбасын құрудан қорқады. Жақсы отбасын құрып, жарыңа сүйеу болу және оны асырау міндетінен қорқу — ол заңдылық. Бірақ махаббатыңнан бас тартып, қашқақтау — ер адамға тән дүние емес.

2. Жалғыздықтан қорқу

Мужские страхи. Страх отсутствия обязательств
©Andrew Malone/Flickr.com

Еркектердің тағы бір қорқынышы — жалғыздық. Қартайған шағында жалғыз қалудан қорыққандықтан, көбісі жас кезінде үйленуді жөн көреді. «Ер адамдар батыл болу керек» деп жатамыз. Ал олар сүйікті адамы ұсынысын қабылдамай қояды деп қорқады. Жасы үлкейген сайын, еркектер «романтик«-тен «өркөкірек құбыжық»-қа немесе өзіне сенімсіз адамға айналып кетеді.

Ер адамға әйелдердің назары азайған сайын, берік қарым-қатынас құруға дайын бола түседі. Шағын елді-мекендерде тұратын ер азаматтардың ерте үйленуі, ал қалалық ерлердің біраз жасқа дейін бойдақ болып жүретініне де себеп осы.

3. Эмоциональді болып көріну

Қоғамда ер адамдар туралы түрлі мифтер қалыптасқан. Бірақ миф пен шындықты салыстыруға келмейді. Сәл ауырсынып қалса, жан-жақтан: «Сен еркек емессің бе? Еркектер жыламайды ғой» дегенді жиі естиді. Осындай «стереотип» қалыптасқаннан кейін, олар өз эмоциясын барынша жасырып қалғысы келеді.

Сезімін көрсете алмау немесе жасыру — жаман әдет.

Адам болғандықтан сезіміңді білдіру — табиғи құбылыс. Эмоцияңды жасыруға тырысқанша, оны дұрыс пайдалана білген жөн. Жан дүниеңізді тыңдап, болып жатқан жағдайға түзу көзқараспен қарауға тырысыңыз. Эмоциональді бола білу керек. Сонда оның пайдасын да көресіз.

4. Ұнамайтын жерде жұмыс істеу

Мужские страхи. Страх застрять на нелюбимой работе
©Dan De Luca/Flickr.com

Әр еркек жетістікке жеткісі келеді. Мансап қуамын деп, өзіңе ұнамайтын жұмыс орнында қалып қоюың мүмкін. Бір жерде жұмыс істеу ер адамдар үшін өте ыңғайлы. Себебі жаңа ұжымның ортасына баруға қорқады. Көбісі ұнамсыз жұмыс жерінде тек ақша үшін жүреді. Байлықта өмір сүргісі келетіндектен, бұл норма. Бірақ өміріңнің соңына дейін өзіңе ұнамайтын жұмысты істеуге болмайды. Алға жылжудан қорықпаңыз!

5. Қартаюдан қорқу

Қарттықтан ешкім қашып құтыла алмайды. Сондықтан кәріліктен қорқу да, заңдылық. Әжім, іштің шығуы, терісінің қартаюы секілді дүниелер ерлерде қорқыныш тудырады.

Шындыққа келсек, еркек есейген сайын, ақылды болады. Мұны қарттық емес, есейгеннің белгісі деп біледі. Сондықтан бұдан қорқудың еш себебі жоқ.

6. Бала тәрбиелеуден қорқу

Әке мен бала
©ever2quest.org.ru

Ерлердің өзі бала сияқты. Ал бала асырау, оны тәрбиелеу еркектердің үрейін тудырады. Бала еркек үшін — жөргек ауыстыру, қасықтан тамақтандыру, түңгі ұйқыңды бөлу. «Дұрыс тәрбие көріп өспесе ше?», «Қатарынан қалып қойса, не істеймін?», «Ақылды болмаса ше?», «Керемет әке бола алмай қалар ма екенмін?» — деген секілді сұрақтар оларды жиі мазалайды. Уайымға салынудың қажеті жоқ. Сіз ересек адамсыз. Және балаңызға не керектігін өсе келе жақсы түсінетін боласыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!