Қазіргі кезде Пластикалық хирургия күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Пластикалық хирургияда адам органдары мен тіндерінің туа немесе жүре пайда болатын кемістіктерін қалпына келтіру үшін операция жасалады. Пластикалық хирургияға адам организміндегі барлық кемістікті (жырық, т.б.) жою мақсатында жүргізілген операциялар жатады, сондай-ақ көмекей, өңеш, қарын, т.б. органдарды емдеуде де пластикалық хирургия қолданылады.Мысалы, адам денесіндегі күйіктен кейін теріні алмастыру, беттегі әжімді немесе денеде пайда болған ісікті алу пластикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бүлінген қан тамырларының немесе жүрек клапандарының орнына синтездік тіннен протез (аллопластика) қойылады.
Моммопластика
Қазіргі таңда моммопластика — Қазақстанда, Ресей Федерациясында кең көлемде таралған операциялардың бірі. Америкаға келетін болсақ, ең танымал — липоксация және кеуде кеңейту операциялары. Айтпақшы, осы елдегі мұрын пластикасы бірінші үштікке кіреді.
Блефаропластика
Қабақтардың пішінін өзгертуге мүмкіндік беретін пласстикалық операция бар. Бұл блефаропластика деп аталады. Процедура әжімдермен қоса көптеген кемшіліктерден арылуға мүмкіндік береді. Бұл операция жеке немесе бет үшін істелетін арнайы басқа операцияларыдың жиынтығымен бірге де жүруі мүмкін. Мұндай операция бет терісін жасартуға көмектеседі. Көздің шаршаңқы көрінісі орнына жаңа және жас көрініс пайда болады. Блефаропластика егде жасқа келеген әйелдердің арасында үлкен сұранысқа ие. Осы операцияны асату ойыңызда болса, оны darus.kz сайтынан біле аласыз.
Құлақ пішініне коррекция
Құлақтың шеміршек тінін түзетуге арналған коррекция бар.Бұл процедура жүзеге асырылуы үшін бала 6 жаста болуы керек. Балалар үшін жалпы наркоз қолданылады, ал егде жастағы адамдарға жергілікті анестезия жеткілікті.
Ринопластика
Бірінші операция 5 мың жыл бұрын жүзеге асырылды. Үндістанда бірнеше жыл бұрын мұрынға пластикалық операция жасалған. Сол уақыттан бастап адамдар жақсы әрі әдемі болуға ұмтылып келеді.
Гименопластика
Соңғы кездері қандай да бір себеппен «пәктік белгісінен» айырылған қыздардың оны гинекологтарға тіктіріп алатыны жөнінде жиі айтылып жүр. Кей мамандардың айтуынша, ондайлардың қатары бүгіне көбейіп келеді. 1927 жылы осы процедура бойынша алғашқы операция жасалды. Айта кетейік, итальяндық хирург өзінің қызына алғашқы операция жасаған. Бұл процедура гименопластика деп аталады және араб елдерінде олардың әдет-ғұрыптарына байланысты үлкен сұранысқа ие.
Көп жағдайда пластикалық хирургке әйелдер қауымы жүгінеді. Алайда, ер адамдар да өздерінің сыртқы келбетінің сымбатты көрінуін талап етеді. Олар тек қарапайым қорқынышқа байланысты операция жасаудан бас тартады. Демек, бұл іс бойынша әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда мықтырақ.
Қызықты деректер
- Тері кемшіліктерін түзету үшін липосакция кезінде алынған адамның майын қолдануға болады. Адам ағзасы өзінің денесіндегі майынан басқа, өзге адамның майын қабылдамайды.
- XIX ғасырдың аяғында абдоминопластика бойынша алғаш рет операция жасалды. Оны американдық хирург Гордон Келли басқарды.
- Ринопластиканы (мұрынға арналған) 7 рет қана жасауға рұқсат етіледі. Әдетте, бұл операцияға нәтижеге қанағаттанбаған ер адамдар қайтадан тіркеліп, жасатқан.
- Қазіргі уақытта еліміздегі хирургия саласы, оның ішінде пластикалық хирургия жақсы дамып келеді. Алдағы 5-6 жылда еуропалықтармен иық тірестіретін деңгейге жетеміз. Пласткикалық хурург болу үшін жоғары оқу орнында 8-9 жыл білім мен тәжірибе жинап, кем дегенде 5 жыл хирург болып жұмыс істеуіңіз керек.
- Ресей Федерациясының территориясында 700-ден астам пластикалық хирург жұмыс істейді. Тек Мәскеуде 80-нен астам жеке клиника бар.