Басты бетЖаңалықтарПавлодарда жаңа...

Павлодарда жаңа театр салынғалы жатыр

«Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға облыс тұрғындары, барлық мүдделі топ кеңінен тартылды. Жүктелген міндеттерді түсіну және іске асыру, біртұтас құндылықтарды қалыптастыру нәтижесінде әрбір азамат мемлекет дамуына өз үлесін қоса алады. Аталған бағдарламаны іске асырудың негізгі кезеңдерінің бірі – туған өлкенің проблемаларына кәсіпкерлерді, меценаттар мен қызығушылық танытқан азаматтарды тарту болып отыр. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында 2017 жылы облыста өлкені дамытуға бағытталған жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайтын 126 іс-шара жүзеге асырылды», — деді Ақсақалов.

Соныман қатар, облыс басшысы Президент жариялаған бағдарлама аясында солтүстік өңірдегі энеолит дәуірінің ескерткіші болып табылатын «Ботай қонысының» маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл қоныс республикалық маңызға ие және өңірдің бренді болып табылады.

«Аймақта жаңа қазақ театрының құрылысы да қолға алынады. Петропавл қаласында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры жұмыс істейді. Театрда 200 адамға арналған орын бар. Осы орайда, биыл Петропавл қаласындағы жаңа «Жас Өркен» шағын ауданында 500 орындық жаңа театрдың құрылысы басталады», — деді Құмар Ақсақалов.

 

Дереккөзbaq.kz