«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап балалық шағынан бері I топтағы мүгедекке жататын ересектердің күтімі үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстағы мүгедектер саны — 65 905 адам, оның ішінде 18 жастан асқан I топтағы мүгедектер — 7066 адам», — деді Қарағанды облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінен.
Сондай-ақ, облыстық ведомствода бұл мемлекеттік жәрдемақының Қазақстанның барлық өңірінде төленетіні аталып өтілді.
Мүгедектерге барлық жағдайды жасау үшін мүгедектік бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған қамқоршысы үшін жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар, оларға протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, шипажай-курорттарға ем алу үшін жолдама, I топтағы мүгедектер үшін көмекші қызметі, ишарат тілі мамандары ұсынылады.