Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы қай жерде орналасқан?

Іле-Алатауының мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 1996 жылы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен құрылған. Саябақ оңтүстік астана Алматының жанында Іле-Алатауының солтүстік жоталарында орналасқан. Алып жатқан аумағының үлкендігі сонша шығысында Түрген аңғарынан басталып, батысында Шамалған өзенімен аяқталады. Парктің солтүстігінде қылқан жапырақты ормандар өссе, оңтүстігінде Іле-Алатау шыңдары шектеліп жатыр.

Парк өзінің табиғи және эстетикалық ерекшеліктерімен өзгеше. Туристер паркке кіре берістен аптаған аласа таулы, жартылай шөлейт және құрғақ даладан альпі шалғындығы, тундралардың салықындығы мен мәңгі, аппақ қары әрі мұздықтарымен жарқыраған жартасты шыңы бар, тауларға дейінгі теңдесіз, тік ландшафты аймақты бақылау мүмкіншілігіне ие болады.

Парк жаппай рекреация мен денсаулықты қалпына келтіру үшін теңдесіз шарттар ұсынады. Мысалы, рекреациялық аймақта тау өзені жағалауында тыныш серуен құру және киіз үй-шатырлық кемпингте демалыс, тікұзақпен сапар, атпен серуендеу, тау туризмі және альпинизм. Туристер назарына Түрген арнасындағы Киелі бұлақ орталығына жолдама, Парк территориясында оншақты жаяу және атты бағыттар, треккинг және рафтинг ұсынылады. Экологиялық соқпақтар бойымен біркүндік экскурциялар, ғылыми-танымдық туризм, табиғатта түнеу көпкүндік сапарлары және тағы басқалар. Ал қыс мезгілінде тау жолдарынан шанамен, атты шанамен сырғанау және тау шаңғы спорты күтеді.

Ұлттық табиғи саябақтың көрікті жерлері:

1. Үлкен Алматы көлі – Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 м биіктіктеҮлкен Алматы өзеніннің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады.

2. Есік көлі – Іле Алабындағы көл. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 км жерде, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірінде теңіз деңгейінен 1759 м жоғарыда орналасқан. Аумағы 0,86 км² , ұзындығы 1,8 км, ені 600 м.

3. Түрген сарқырамасы – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамында сұлу шатқалында, Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі. Бағыт Алматы қаласының орталығында басталады. Жолы бұрын керуендердің өтетін жолдарында Еуропаға шығыстан – Қытайдан және Үндістаннан келетін болған. Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Адамдар көп баратыны: біріншісі “Аюлы” және екіншісі “Тескенсу”.

Қалай жетуге болады?

Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы ірі мегаполис саналатын Алматы облысында орналасқандықтан, Қазақстанның әр өңірінен келу оңай. Яғни, саябаққа жетудің бірнеше жолдары қарастырылған.

Еліміздің қандай да бір қаласынан шығуды көздеп, тез әрі ыңғайлы жеткіңіз келсе алдымен ұшақ арқылы барғаныңыз жөн. Көптеген авиакомпаниялар Алматыға дейін бірқатар әуе рейстерін ұсынады. Ол үшін әуелі өзіңіздің қалаңыздан ұшақ билеттеріне тапсырыс бересіз. Ең ұзақ жол 3,5 сағатқа ғана созылады.

    • Солтүстік өңірден: 2 сағат
    • Оңтүстік өңірден: 1-1,5 сағат
    • Батыс өңірінен: 3,5 сағат
    • Шығыс өңірінен: 1,5-2 сағат

Тағы баруға тиімді жолдың бірі пойыз арқылы. Пойызбен бару үшін өзіңіз орналасқан өңірден «Алматы 1 немесе Алматы 2» теміржол вокзалдарына билет аласыз. Билет құнын, пойыз кестесін арнайы сайттардан көре аласыз. Пойыз арқылы жедел пойызбен солтүстік өңірден 1 күн 2 сағатта, оңтүстіктен 10 сағатта, батыстан 2 күнде жетесіз.

Автобуспен жолға шықсаңыз билетті тұрғылықты орныңыздағы автобус тұрағынан Алматыдағы «Сайран » немесе «Үшқоңыр» автобус бекеттеріне аласыз. Автобус Үшқоңыр бекетіне аялдайтын болса, ары қарай Сайранға арнайы маршрутпен жетіп аласыз.

Алматы әуежайына, теміржол вокзалына, автобус бекетіне жеткеннен соң, ары қарай автобус немесе таксимен «Саяхат» автобекетіне жол тартасыз. «Саяхат» бекетінде саябаққа баратын арнайы таксилер мен газельдер жүреді. Алматы қаласынан саябаққа дейінгі ара қашықтық он шаршы шақырым, яғни 1-1,5 сағатта аталмыш жерге жетесіз. Егер бірден ұлттық саябаққа баруды жоспарласаңыз көлікті жалға алуыңызға да болады.

Алматы облысында бірнеше күнге қалуды жоспарласаңыз қызмет көрсету сервисі жоғары қонақ үйлерге тұрақтасаңыз болады. Қонақ үйді сізге тиімді болып табылатын қаланың кез келген жерінен таба аласыз.