Қазіргі таңда смартфондар мен гаджеттер, ноутбук, барлық электронды құрылғылар өмірімізге еніп кетті. Бүгінгі қоғамда телефонсыз ересек адамды таба алмасымыз анық. Соның себебінен түрлі аурулар да пайда болып жатыр. Ал балаларға қандай зияны бар?

1. Мидың тез жетілуі

Дүниеге жаңа келген сәбидің миы 2 жасқа дейін үш есе тез жетіледі. Ол 21 жасына дейін жетілуін тоқтатпайды. Заманауи гаджеттер (ұялы телефондар, интернет, теледидар) жетіліп келе жатқан миды одан сайын тездетеді. Алайда мұның зиянды тұсы бар. Гаджеттерді жиі пайдалану назар жетіспеу синдромына, дамудың когнитивті бөгелісіне, білім алуының қиындауына әкеледі.

2. Дамудың тежелуі

Бір орында гаджетке қарап өскен бала аз қимылдайды. Осы себепті оның даму тежелісі пайда болады. Қимыл-қозғалыс жаңа өсіп келе жатқан бала үшін маңызды. Нәтижесінде, осыдан түрлі аурулар пайда болады. Көптеген зерттеулерде заманауи ойыншықтар мен құрылғыларды шамадан тыс көп пайдалану балаларда күйзеліс, үрей, назар жетіспеушілік синдромы, аутизм, қос полярлық ауытқушылық, психоз бен баланың іс-әрекетіндегі басқа да ауытқушылықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін екені анықталған.

3. Артық салмақ

Ғалымдар балаларда артық салмақтың пайда болуын ұзақ уақыт бойы смартфонда ойын ойнауымен және теледидар қарауымен байланыстырады. Яғни, электронды құрылғыларды жиі пайдаланатын балалардың 30%-ы көбіне толықтықтан зардап шеккен. Өз кезегінде, 30% толық балалардың диабетке ұшырау қаупі жоғары, сонымен қатар толық адамдар ерте инстульт алуға және жүрек тоқтап қалуға бейім келеді.

4. Ұйқы жеткіліксіздігі

Ата-аналардың 60%-ы балаларының гаджетпен қанша уақыт отырғанына назар аудармайды. Әрине балалар ойынның қызығына кіріп, кеш жатады, ұйқылары қанбайды, күн тәртібі бұзылады, ал кейде ұйқысыздыққа ұрынады. Мұның бәрі олардың денсаулығына кері әсер етеді.

5. Агрессия

Психикасы әлі қалыптаспаған кішкентай балалар теледидар мен ойындарда көрсетілетін көріністерге аса бейім. Онда кейде өлтіру, сабау, қиынау мен зорлау сияқты зұлымдық іс-әрекеттерді көрсетеді. Мұның бәрі балада агрессияның пайда болуына әкеледі.

6. Ақпараттық қайта жүктеу

Шамадан тыс көп ақпарат (мысалы, БАҚ) та назар жетіспеушілік синдромының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл зейін қоюды сейілтіп, жақсы оқуға кедергі болады.

8. Гаджеттерге байлану

Ата-аналар балаларымен ойнап, сөйлесудің орнына көп уақытын ноутбукқа және смартфонға қараумен өткізеді. Егер бала ата-анасына байланбаса, онда кейбірі заманауи ойыншықтардан жұбаныш іздеп, соларға байланып қалады.

9. Радиациялық сәулелену

Балалар үлкендерге қарағанда әлдеқайда сезімтал, сонымен қатар олардың миы мен имундық жүйесі әрдайым даму үстінде. Сол себепті ұялы телефондардан бөлінетін радиациялық сәулеленуге назар аудармауға болмайды.