Басты бетЖаңалықтар"Үлкен жетілік"...

«Үлкен жетілік» Ресейге санкция жарияламақ

Бұл туралы Торонтодағы G7 СІМ басшылары кездесуінің қорытынды мәлімдемесінде айтылған. Онда «Мәскеудің әрекеті талап етсе, сәйкесінше шешім қабылданады» деп көрсетілген.

Сондай-ақ, құжатта РФ-ға қарсы санкциялар Минск мәмілесіне сәйкес міндеттемелер орындалған жағдайда алынып тасталатыны айтылған.

Мәлімдемеде Ресейдің сыртқы саясатына «тұрақсыздандырғыш» деген сипаттама берілген, ол өзге елдердің демократиялық жүйесіне араласты деп айыпталуда.

«Үлкен жетілік» елдері Лондонның БББ экс-полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына Мәскеудің қатысы бар екенін және Ресейден басқа ешкімге бұл шабуыл үшін жауапкершілік жүктеуге болмайтыны және басқа шындық жоқ деген қорытындысымен келісті.

Осыған қарамастан, «үлкен жетілік» елдерінің министрлері «жаһандық мәселелер және аймақтық дағдарыстар» бойынша Ресеймен халықаралық міндеттемелерін орындаған жағдайда өзара жұмыс істеуге болады деп есептейді.

ДереккөзBaq.kz