Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 325,8 теңгені құрады.

Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 325,3 теңге, ал ең жоғарғысы 325,5 теңге деңгейінде болған.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 326,21 теңге, күндізгі сессияда 326,63 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 326,52 теңге болған.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күнгі KASE сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ доллары 0,02 теңгеге, яғни  326,23 теңгеден 326,21 теңгеге төмендеді.

ДереккөзInform.kz