Қырғызстан Үкіметі отставкаға кетті

«Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші ҚР үкіметіне сенімсіздік білдіргені үшін ҚР Конституциясының 85-бабының 6-бөлігін, «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңының 13-бабының 1-бөлігінің 5-пунктін басшылыққа ала отырып ҚР үкіметін отставкаға жіберді», — делінген Қырғызстан Республикасы президентінің сайтында.

Жарлық бойынша, премьер-министр, вице-премьер-министрлері, үкімет мүшелері қызметіндегі тұлғалар ел үкіметінің жаңа құрамы құрылғанша ҚР үкіметінің мүшесі міндеттерін орындауын жалғастырады. Президенттің жарлығы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан парламентінің Сапар Исаковтың үкіметіне сенімсіздік білдіргені хабарланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша министрлер кабинетін отставкаға жіберуді 101 депутат қолдап, бесеуі қарсы болған.

ДереккөзTengrinews.kz