Жеңіл өнеркәсіп саласына инновациялық технологияларды енгізді

Жеңіл өнеркәсіп саласының мамандары жеңіл өнеркәсіпке, әсіресе тоқыма өндірісіне жаңа технологияларды енгізу жолдары арқылы еңбек өнімділігін арттырып және өндіріс шығындарын азайтуға болады деген пікірде. Сондай-ақ, жаңа технологиялар өнім бағасының төмендеуіне, ішкі және сыртқы нарықта отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Конференция барысында «Термиялық қорғаныш киім және роботты тігін машинасын өндіру» жобасының жетекшісі – Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жобалау бөлімінің профессоры Мұрат Мыңбаев жобаның таныстырылымын жасады.

«Технологиялық процестерді жобалау автоматтандырылған жүйелерін алу қиын, көлік-логистикалық бағыттарды оңтайландыру процесі әзірленбеген. Кәсіпорындардың салыстырмалы түрде төмен инновациялық белсенділігі – 9,3 %», — деді Мұрат Мыңбаев.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш шет елдерде әлдеқайда жоғары, шет елдердегі инновациялық белсенділік Швецияда — 57%, Германияда — 70%, Финляндия — 46%, Автрияда -70%, Ұлыбританияда — 62% құрайды.

«Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен тігін өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ынталандыру үшін «Сән әлемі» дизайн және технологиялыр институты» индустриялды-ғылыми ынтымақтастық орталығы құрылды. Ғылыми-зерттеу базасы мен тігін индустриясын инновациялық дамыту драйвері қызметін атқарады», — деп атап өтті жоба жетекшісі Мұрат Мыңбаев.

Сонымен қатар, сала маманы бұл көрсеткіштерге жету мақсатында еліміздегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бір-бірімен емес, халықаралық деңгейде бәсекеге дайын болу үшін өзара бірігуі керек екенін атап өтті.

 

Дереккөзbaq.kz