Тренер

Жанры: Драма, спорт

Режиссері: Данила Козловский

Шығарған ел: Ресей

Фильм ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы Юрий Столешников туралы. Ол ұлттық құрамада жүргенде шешуші пенальтиді қақпаға кіргізе алмай қалады. Осыдан кейін оны құрамадан шығарып жібереді. Ешкімге керексіз қалғандықтан, ішкілікке салынады. Бірақ тағдыр Юрийге тағы бір мүмкіндік ұсынды. Кішкентай бір ауылдың футбол құрамасын жаттықтыру туралы ұсыныс алады. Енді ол өзін дәлелдеуі керек.

Такси 5

Жанры: Атыс-шабыс, комедия, криминал

Режиссері: Франк Гастамбид

Шығарған ел: Франция

Фильмде Марсель қалалық полициясына жаңадан келген полицейдің хикаясы баяндалады. Ол көлікті жылдам айдағанды жақсы көреді. Осы қасиеті полицейге бір топ тонаушыларды қолға түсіруге көмектеседі. Әрине, ол үшін Шумахердікіндей Ferrari керек…

Опасный бизнес

Жанры: Атыс-шабыс, комедия, драма

Режиссері: Нэш Эдгертон

Шығарған ел: Австралия, АҚШ

Фильм медицина марихуанасы айналасында өрбиді. Оны жасап шығарғандар құпия формуланы серіктесіне жіберуі керек. Бұл жауапты тапсырманы қарапайым қызметкеріне жүктейді. Әрине, оны банда ұрлап әкетеді, ақша талап етеді. Сценарий қарапайым, дегемен жақсы көңіл-күй сыйлайтын комедия.

Леонардо: Миссия Мона Лиза

Жанры: Мультфильм, биография, қызықты оқиға

Режиссері: Серджо Манфио

Шығарған ел: Италия

Мультфильм суретші Леонардо До Винчи туралы. Бұл жерде ол ересек емес, бала кейпінде суреттеледі. Әйгілі “Моно Лиза” картинасын қалай салғаны көрсетіледі. Сонымен бірге Леонардо тек суретші ғана емес, өнертапқыш та. Бір күні ол жоғалған байлық туралы естиді. Достарымен соны іздеуге шығады. Оларды небір қызық күтіп тұр.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Пікір қосу