Рейстер күн сайын сағат 17:00, 18:00 және 19:00-де «Сайран» автовокзалынан қатынайды. Маршрут ұзақтығы 818 шақырымды құрайды. Жолға кететін уақыт – 16,5 сағат.
Еске салайық, екі ел арасында жолаушылар тасымалдайтын автобустар 17 жыл бұрын тоқтап қалған еді. 2017 жылдың соңында қатынас қайта жанданып, тұрақты негізде рейстер орындала бастады.
Сондай-ақ, биыл қаңтар айында Шымкент-Ташкент автобус бағыты ашылды. Бұл бағыт бойынша автобустар Шымкенттен 6:00-ден 20:00-ге дейін 1 сағат сайын жүріп тұрады. Жолға кететін уақыт — 4 сағат.