Бұл бағдарламалар арқылы эфирлік радиоларды таңдап, қосымша музыкаларды да тыңдауға да болады.

1. Radio Garden

©g1.globo.com

Radio Garden әлемдік радиостанциялардың ішінде 3D-модельдік бағдарламалар түріне кіреді. Бағдарлама арқылы басқа да онлайн-музыкаларды тыңдауға болады. Түрлі радиолардың ішінде өзіңіздің сүйікті радиоларыңыздың тізімін жасауға да мүмкіндігіңіз мол. Сол арқылы күнделікті радиоларыңыз қосылып тұрады.

2. Mixcloud

©factmag.com

Бұл бағдарлама электронды музыканы жақсы көретіндер үшін тиімді. Өйткені музыкалық бағдарламалар жиі жүретін радиостанцияларды осы бағдарлама арқылы тыңдай аласыз. Эфирлік бағдарламамен қатар ағылшын тілінде радиошоуларды тыңдауға болады. Диджейлікпен алғаш рет айналысқандар үшін жаңа әндерді жанр бойынша тыңдауға болады. Плеер тыңдаған әндерді автоматты түрде сақтап отырады. Оны оффлайн түрде қайта тыңдауға мүмкіндік бар.

3. Радио Arzamas

©arzamas.academy

Бағдарлама қолданушылары онлайн радио тыңдаумен қатар әртүрлі тақырыпта аудио-лекция, подкаст пен басқа да дыбыстық материалдарды, кескіндеме, әдебиет және басқа да гуманитарлық білім туралы ақпарат ала алады. Қолданушылар үшін арнайы шақырылған ғалымдар жұмыс істейді. Ерекшелігі — «Arzamas радиосын» тыңдау тегін. Алайда, қосымша ақпарат алу үшін тіркеліп, ақысын төлеу міндетті.

4. TuneIn Radio

©all-android.com.ua

TuneIn Radio — эфирлік радиостанцияларға арналған және подкасттардың «бастаушысы». Бұл бағдарламаның ерекшелігі — іздеу жүйесі арқылы өзіңіз қалаған аймақ пен тілге, айдарды таңдай аласыз. Сондай-ақ, радиостанциялардың сапасын таңдап, таймер қолдануға болады. Бағдарламаны қолдану үшін сатып алу керек. Сол кезде жарнамалар жиі берілмейді және ағылшын тіліндегі радиостанцияларды күнделікті тыңдай аласыз.

5. Яндекс.Радио

©mediasat.info

«Yandex.Radio» қызметін пайдалану кезінде сүйікті жанрыңыздағы радионы таңдауыңызға болады. Тыңдаған жанрыңыз арқылы жүйе сізге радиостанцияларды қосымша ұсынып отырады. Бағдарламаны тегін қолдануға болады. Алайда кейбір жарналамар кезінде тыңдау үшін шектеу қойылуы мүмкін.

6. Deezer Music

©iphones.ru
Бұл бағдарламада онлайн-радиомен қатар әртүрлі альбомдар мен орындаушыны таңдап, онлайн-аудио қызметін пайдалануға болады. Қызметі жағынан Google Music пен Apple Music бағдарламарына ұқсас. Айырмашылығы — тегін пайдалана аласыз. Бұдан басқа бағдарламада ағылшын тілінде подкасттар тыңдауға болады. Бірақ, музыкалық каталог тізімін жасау үшін ақылы қызмет түрін пайдалану керек.

8. SoundCloud

©9to5mac.com
Тегін қызметтегі  SoundCloud бағдарламасы арқылы сүйікті радиоларыңыздың топтамасын жасауға болады. Бұдан бөлек орыстілді подкасттарды да тегін тыңдауға мүмкіндігіңіз мол.

9. FM Radio

©filmstanko.sk
Ұялы телефон құрылғылары үшін бұл бағдарлама өте тиімді. FM-радио арқылы әртүрлі интернет-радиостанцияларды түрлі жанрда тыңдауға мүмкіндік мол. Мәселен, әндер, әңгімелер мен жаңалықтар, әзіл мен басқа да бағдарламаларды да тыңдауға болады.

10. PCRADIO

©myandroid-apk.com
Радионы компьютер арқылы тыңдауға ыңғайлы бағдарламаларды бірі — PCRADIO. Бағдарламаны орнатқаннан соң автоматты түрде жаңарып отырады. Яғни, бұл бағдарламадағы әлемнің әр аймағындағы радиостанциялар жаңадан қосылады. Олардың ішінен сүйікті радиостанциялар тізімін жасауға болады. Плеер жоғары жылдамдықта қызмет етеді.