Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында жаңа министрді таныстырды

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрін таныстырды.

«Бірінші Үкіметтің жаңа мүшесімен таныстырсам деймін. Дархан Аманұлы Қалетаев президент бұйрығымен дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды»,- деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуір күні президент Нұрлан Ермекбаевты өзінің көмекшісі етіп, Дархан Қалетаевты министрдің орнына тағайындаған еді. Дархан Қалетаев оған дейін сенат депутаты болған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version