Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру идеясы қашан шықты?

Астана әуежайына Президенттің есімін беру туралы ұсынысты бірінші болып 2008 жылы Дархан Калетаев жасаған еді. Енді сол ұсыныс іске асып, әуежай "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" деп аталды. 

Фото: Астана халықаралық әуежайы

Дархан Калетаев: Бұл жүйелі шешім

Дархан Калетаев елдің өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың есімін мекемелерге беру бүкіл мемлекеттерде бар тәжірибе екенін айтады.

«Еліміздегі ең үздің университеттің «Назарбаев Университеті» деп аталғанына ешкім қарсы емес қой. Керісінше, көптеген мектептердің түлектері осы жоғарғы оқу орнында оқуды армандайды. Нұрсұлтан Назарбаев университетке өз есімін беруге келісу арқылы, оқу орнын толығымен өз жауапкершілігіне алды. Енді Астана әуежайын да Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауға болады. Бұл дұрыс. Себебі, Астананың әуедегі шекарасы — біздің еліміздің транспорттық-логистикалық құрылымының орталығы, Еуропа мен Қытайдың арасындағы сауда-транзиттік көпірі»,- деп түсіндірді Дархан Калетаев «»ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Бұндай тәжірибе көптеген елдерде бар. Мысалы, Индира Ганди, Джордж Буш, Вацлав Гавел, Шарль ле Голль атында әуежайлар бар.

«Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасында Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік орталық ретінде Астанада авиациялық хабты дамытудың маңызды екенін атап өтті. Биылғы жылдың өзінде бірнеше елдерге жаңадан әуе рейстері ашылды. Яғни, «Нұрлы жол» дамуының бастауы болған қаланың әуежайына Назарбаевтың есімін беру — құптарлық шешім»,-деді Калетаев.

«Қазақстан» мен «Назарбаев» брендтері ажырамайды»

Бұл ұсыныс 2008 жылдан кейін тағы қайталанды. 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары қызметіне ауысқан Дархан Калетаев ұсынысын «Астана» арнасына берген тікелей эфирдегі сұхбатында тағы қайталады.

«Қазақстан» мен «Назарбаев» брендтерінің бір-бірінен ажырамайтынын бәріміз білеміз. Бүгінгі күні екеуі егіз ұғым болып кетті. Әуежайларды ел басшыларының атымен атау барлық елде бар. Мәселен, АҚШ-тағы әрбір екінші әуежай президенттің есімімен аталады. Мен ештеңені ойдан шығарып тұрған жоқпын. Үлкен Джордж Буштың атында әуежай бар… Ал, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай Қазақстанның басты әуе қақпасына айналады»,- деді Калетаев сол кезде.

Оның айтуынша, бұл идея оған журналистермен сөйлесіп отырған кезде аяқ астынан келген екен.

«Біз ұлт ретінде көшбасшының айналасына жиналуымыз керек!»,- деді Дархан Калетаев.

Бұл ұсынысқа сол кездегі Мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева күмәнмен қараған еді. Оның айтуынша, Елбасының атымен аталатын әуежай барлық стандарттарға сай болуы керек.

«Себебі, шетелдіктер Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне ұшып келеді»,- деген еді Соловьева ханым.

Ал, биылғы жылы сенатор болған Дархан Калетаев парламент палаталарының біріккен отырыстарының бірінде әуежайға Елбасының есімін беру идеясын көпшіліктің қолдағанын айтты.

Кеше Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы» қаулыға қол қойды.

35 пікір

  1. Оййй мыналарын тым артык кой енди)))бул не сонда президентке жағу ма сонда.? Əуежайға аттын не кереги бар ?тусинбедим…

  2. Ассалаумагалейкум не айтып отсындар оздерин Сол атамыздын аркасында казах болып отканымызга куансандарш уйде отырып ауызым бар деп саусагым бар деп жаза берми сол адамдай болып алындар биринши сосын айтасындар не айтсандарда

    • Дұрыс айтады Қазақстан ең жақсы елдің қатарына қосылайын деп жатыр сол кісінің арқасында!!!!

  3. Шолақ белсенділер дейді мұндайларды. Абылайхан әуежайы деп неге қоймайды одан да. Назарбаеака жаккысы кеп бара жатса немересінің атын Нурсултан Назарбаев деп қойсын.

  4. диз лайк койылмайды екен, кызык. Биздин елимизде баска проблемалар жок сиякты, постоянно одно и тоже. Назарбаев аты койылу керек анда мында анау облыста, анау калада т.с.с.

  5. Куады елдер! Халык болса нанга арен тауып жур, буларын болса байыганнан нестерин билмей жур жындылар!

  6. Патша өзі біледі қайда не қоятын ын көлеңкеде отырып алып мұрын боқтарыңды шашырата бермей. Қысып отырыңдар бəрі Құдайдың ісі қарның тоқ па болды емеспа

  7. Назарбаев атымен универ бар, мектеп бар, мешит бар, комбаин бар не калмады койылмаган?Ооо Аэропорт!Кезек енди темир жол вокзалы?

  8. кылен жагынпаушылармен атакумарлар жиналган ойларына некелсе ыстиберетынболды болды быллар мау мастар

  9. Планетамыздын атын солай атай салу керек, майдалап нетеди оны ауежайдын атын берип

  10. Бұл деген ақмақ қазақ сізлер степный шабанның потомкасы болғандықтан ақпен қараны айыратын білімдерін тым төмен екенін білдіреді. Қазақстан әлде қайда мазақстанға айналған ел!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version