1. Математикалық есептеулер тым көп

Физиканың басты міндеті — табиғат құбылыстарының ғылыми мәнін түсіндіру. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Себебі, оқушылар физикамен орта мектепте оқып жүргенде танысады. Оқу бағдарламасындағы физика математикалық есептеулерге толы. Әлем құпияларын білсем деген оқушы формулалармен қоса, сандар мен есептеулерді көргенде пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Мұндай күрделі есептеулер барлық балаларға қажет пе? Физика пәнін математиканы нашар білетін оқушылар да түсініп кете алады. Ол үшін математикалық есептерді азайтып, баяндау, суреттеу, салыстыру мен түсіндіру жұмыстарын жақсарту керек.

Сан, есеп, математика
©mel.fm

2. Түсіндіру жұмыстары күнделікті өмірмен байланыспайды

Стивен Хокинг 20 жылда жақын орналасқан Альфа жұлдыз жүйесіне шағын роботтарды жеткізе ала ма? 1687 жылы Исаак Ньютон қандай жаңалық ашты және оның бұл зерттеуін сатып алу үшін  адамдар 2016 жылы неге 3.7 миллион АҚШ долларын шығындамақ болды? Аталған оқиғалар дәл қазір болып жатқандықтан вольтметр мен амперметрге телміргеннен қарағанда қызығырақ. Физикалық ашылулар мен оның тарихын білу, әлбетте, керек нәрсе. Дегенмен, күнделікті құлақпен естіп, көзбен көріп жүрген нәрселер туралы айту оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, әлемнің қаншалықты үлкен әрі таңғажайып екенін тануға көмектеседі. Кез келген ғылыми тұжырымды Илон Масктың бастамасымен, жаңа смартфондардың функциясымен түсіндіру оқытушыға да, оқушыға да оңай болатыны сөзсіз.

3. Шындыққа жанаспайтын тапсырмалар

©mel.fm

Дерексіз объектілер мен денелер туралы тапсырмаларды қашанға дейін шеше беруге болады? Нақты шарттармен жұмыс істеу үшін: «Сыртта -10 градус болса, американо кофесі қанша уақытта салқындайды? Ал егер бұл капучино болса не өзгереді?» деген қарапайым сауалға жауап іздеген жақсы. Боулинг ойнағанда барлық құтыны құлату үшін қандай ережелерді ескеру керектігін есептеуді үйретсе, бар ықыласымен сабаққа кірісетін оқушылар саны арта түспейтін бе еді? Осы арқылы оқушылардың не нәрсеге қызығатынын да анықтап алуға болады. Ертең елдің бәрі электрик, сантехник, физик немесе ғалым болмаса да, қарапайым құбылыстардың мәнін түсінетін саналы адам болып қалыптаса алатыны анық.

4. Теориядан тәжірибе маңызды

Қарапайым оқушы Ғани физика пәнін «беске» оқиды. Барлық формулаларды жатқа біледі, кез келген есепті «шемішкеше шағады». Бірақ, оған мұның керегі не? Мақсат ата-анасының мақтанышы, ұстазының сүйікті оқушысы болу ма? Ғаниға үйренгендерін шын мәнінде білетінін іс жүзінде дәлелдеу керек. Тәжірибе керек! Қазір кейбір мектептерде робототехника және модельдеу дейтін арнайы сабақтар бар. Мұндай жағдай болмаған күннің өзінде арнайы зертханаларға барамын дейтін адамға есік ашық. Тіпті, мүмкіндік жоқ деген күннің өзінде тәжірибені үй жағдайында да жасап көруге болады. Теледидардың басқару пульті қалай жұмыс істейді, тоңазытқыштың «қан айналымы» қандай физикалық тұжырымға негізделген деген сауалдарға өз бетіңше жауап іздеп көруге болады.

Физикалық зерттеу
©mel.fm

5. Физика пәні тым кеш оқытылады

Мектепте оқыту бағдарламасы бойынша физика пәні тек 7-сыныптан бастап оқытылады. Себебі, физиканы оқу үшін тағы да математиканы жақсы меңгеру керек дегенге сүйенеді. Бастауыштан бері сандарды жек көретін оқушылар үшін 7-сынып нағыз математикалық тозаққа айналады. Қарапайым математиканың алгебра, геометрия болып бөлінуі, физика мен химияның да есепке жүгінуі оқушылардың ойлануы мен өмірін қиындата түседі. Осыдан кейін физика пәнін жақсы көремін дейтіндердің неге аз екенін бірден түсінуге болады.

6. Физика оқулығында не жазылған?

Мойындайықшы: мектеп кезінде физика оқулығын ашып, кітапты оқығаныңыз есіңізде ме? Оқулықты мектепке бекерге көтеріп барып-келгеніңізге ашуланған да шығарсыз? Оқулықты параграфтың мазмұнын оқу үшін емес, тек бақылау жұмыстарын жазған кезде формула көшіру үшін пайдаланғанымыз жасырын емес.

7. «Білгіштерден» — «Интерстелларға» дейін

Білгіштер, фиксики
©fandom.wikia.com

Оқушылар мектеп физикасын фильмдер мен сериалдардан, сондай-ақ, танымдық мультфильмдерден танып-біледі. Балалар әр түрлі құралдар мен аспаптардың қызметі туралы «Білгіштер» («Фиксики») мультфильмінен, ал физик-теоретиктер мен физик-эксперименттер туралы «Үлкен жарылыстың теориясынан» («Теория Большого взрыва») біледі. Олар мұны физика сабағында емес, қоңырау кезінде өзара талқылайды. «Интерстеллар» фильмінің жарық көруі де физикаға деген сұраныстың өсуіне үлкен ықпал етті. Фильмде көрсетілетін оқиғалардың шешімін физиканы оқыған адамдар жақсы түсінетіні белгілі.

Ал сіз мектеп бағдарламасын қаншалықты жақсы меңгердіңіз? Сілтемедегі тест арқылы анықтап көрсеңіз болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!