1. Тұрмыстық техникалардың энергиялық тиімділігін тексеріңіз
Қазіргі тұрмыстық техникалар энергиялық тиімділігіне байланысты бірнеше кластарға бөлінеді:
- А — тиімділігі 50-80 пайыздан төмен;
- В — тиімділігі 25-50 пайыздан жоғары;
- C — тиімділігі 10-25 пайыздан жоғары;
- D — тиімділігі 0-10 пайыздан жоғары;
- E — тиімділігі 0-10 пайыздан төмен;
- F — тиімділігі 10-25 пайыздан төмен;
- G — тиімділігі 25 пайыздан төмен;
Энергия тиімділігі қаншалықты жоғары (А++, А+, А) болса, техника энергияны соншалықты аз тартады.
2. Тоңазытқышыңызды тексеріңіз
Тоңазытқыш есіктеріндегі резеңкелерді және мұздатқыштағы мұздарды тексеріңіз. Егер синтетикалық төсемелер тығыз салынбаса, салқындату процесі дұрыс жүргізілмейді. Нәтижесінде тоңазытқыш ішіндегі өнімдер балғындығын жоғалтады, ал электр энергиясы бекерге шығындалады.
3. Мұздатқыштан заттарды ертерек алып қойыңыз
Біріншіден, тағамды, өнімдерді өздігінен еріткен дұрыс. Екіншіден, қысқа толқынды пештер де электр энергиясын аз тартады деп айта алмаймыз.
4. Электр пештерін ертерек өшіріңіз
Электр пештерінің беткі қабаты әдетте керамикалық заттардан жасалады. Оны өшіргеніңізбен бастапқы қызуын біраз уақытқа дейін сақтап тұрады. Сол себепті тамақ пісіргенде, сенімді түрде ертерек өшіре берсеңіз болады.
5. Тез қызатын материалдардан жасалған ыдыстарды қолданыңыз
Керамика, мыстан жасалған ыдыстар шойын, болаттан жасалған ыдыстарға қарағанда тезірек қызады. Таба, қазандар неғұрлым тез қызыса, соғұрлым электр энергиясын үнемдей аласыз.
6. Шәйнекке суды қажетінше ғана құйыңыз
Электр шәйнектер энергияны айтарлықтай көп тартады. Екі литрлік шәйнектің қайнауы үшін бес минуттай уақыт қажет. Бірақ сол екі литр судың барлығын қолданасыз ба?
Үш-төрт шыныаяқ суды қайнату үшін бір минуттай уақыт кетеді. Яғни ондаған ватты үнемдейсіз.
Шәйнекті қақтан тазартыңыз. Ол сонда тезірек қайнап, электр энергиясын үнемдейді.
7. Шаңсорғышты тазартыңыз
Шаң мен қоқысқа толы шаңсорғыш баяу жұмыс істейді. Үйді шаңнан қаншалықты ұзақ уақыт тазартсаңыз, соншалықты энергияны көбірек шығындайсыз.
8. Кір жуғыш машинаның қуаты төмен режимін таңдаңыз
Біз көбіне матаның түріне мән берместен түрлі режимді пайдалана береміз.
Суды 60 °С дейін жылыту үшін 30 °С дейін жылытудан төрт есе көп энергия жұмсалады.
9. Сантехникті шақырыңыз
Егер краннан су тамшылап немесе унитаздан су ағып тұрса, сізге қосымша шығын келіп жатыр. Сол себепті сантехникті шақырудан бас тартпаңыз.
10. Тіс жуарда суды бекерге ағызбаңыз
Адамдардың көбі тісін жуғанда, қырынғанда және ыдыс жуғанда суды ысырап етеді. Мұны өзі байқамауы да мүмкін.
11. Аэратор орнатыңыз
Аэратор — суды араластырғашта (смеситель) болатын, суды шашыратқыш құрал. Оның көмегімен судың шығынын 2–3 есеге дейін үнемдеуге болады.
12. Ыдыс-аяқ жуатын машинаны дұрыс таңдаңыз
Мұндай машиналар — бір жағынан, электр энергиясының шығыны, екінші жағынан, судың үнемі.
Ыдыс-аяқ жуатын машиналар краннан су ағызып ыдыс жуғаннан 2–3 есе аз суды қолданады.
Біле жүріңіз:
- Ыдыс-аяқ жуатын машиналарды жоғары электр тиімділігіне қарап таңдаңыз;
- Машинаны түнгі сағат 11-ден кейін қолданcаңыз, электр энергиясын үнемдейсіз.
13. Жылу изоляциясын тексеріңіз
Ағаш терезе жақтаулары пластик жақтауларға ауысқалы қашан?! Олар сенімді болса да, уақыт өте келе монтаждау көбігі құрғап қалады, нығыздағыш резеңкелер ескіріп кетеді. Терезелеріңізде жел үрлене ме? Тексеріп көріңіз. Егер «иа» болса, оларды бітеп қоюға ерінбеңіз. Әйтпесе, даланы «жылытасыз».
14. Үй температурасын бақылаңыз
Жұмысқа, сапарға кетерде радиаторды бәсеңдетіңіз. Бос тұрған бөлмені ысытудың қандай қажеті бар? Қайтып келген соң, жылу батареясындағы вентилді бұрап, үйді жылытып алуыңызға болады. Үй температурасын таймері бар термостатпен баптаған ыңғайлы.
Үй ыстық болса, терезе ашқаннан гөрі, батарея температурасын төмендеткен жөн.
15. Көп тарифті электр есептегішті орнатыңыз
Көп тарифті есептегіштер күндізгі уақытқа байланысты электр энергиясына арналған төлемді өзгертуге мүмкіндік береді.
16. Жарық диодты лампаларды қолданыңыз
Олардың бағасы қарапайым лампалардан қымбатырақ болғанымен, энергияны 8–10 есе аз тартады. Әрі ұзаққа дейін қызмет етеді.
17. Үйден шығарда, жарықты өшіріңіз
Ең қарапайым кеңес, бірақ бұған құлақ аспайтындар да аз емес. Бұл әдетке әсіресе балаларды үйреткен дұрыс. Үлкендер үйде жоқта, барлық бөлменің жарығын қосып қоюы да ғажап емес.
18. Қозғалыс датчиктерін орнатыңыз
Қозғалыс датчиктері — контактісіз датчиктер. Бұл құрылғыларды көп пәтерлі ғимараттардың подъездеріне ғана емес, жеке үйлерге, дәліздерге, балкондарға және т.б. жарықты өшіруді оңай ұмытатын жерлерге қойған дұрыс.
19. Тіркеуде тұрған адамдар үшін ғана төлеңіз
Әдетте лифті, подъезд тазалығы және күрделі жөндеулерге берілетін ақы тіркеудегі адам санына байланысты болады. Алыста тұратын туған-туыс үшін де артық шығын төлеуіңіз мүмкін.
20. Коммуналды қызметтердің шығынын есептеп отырыңыз
Көп адам ай сайын коммуналды қызметтерге қанша теңге төлейтінін нақты білмейді.
Өткен айдағы түбіртектерді салыстырып отырыңыз. Неліктен шығындар артты? Соны да зерттеп көріңіз. Еңбегіңіз еш кетпейді.
Ал, сіз, коммуналды қызметтер шығынын қалай төмендетесіз? Пікірге қалдырыңыз.