«Еліміз биыл өзінің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтіп жатыр. Ал, Алматы Марафоны осы 25 жыл ішінде жүзеге асырылған ең табысты спорттық жобаға айналды. Бұған дейін бірде бір спорттық шараға мұншалықты көп адам жиналған емес. Бүгін Алматы Марафонына 14 000-дай адам тіркелді. Бірақ, мәре сызығын 30 000-дай адам жүгіріп өтті. Яғни, тіркелмей-ақ жүгіргендер өте көп болды. Алдағы жылы Алматы Марафонына бұдан да көп адам қатысады деген үміттемін. Барлықтарыңызды белсенді болып, саламатты өмір салтын ұстануға шақырамын», — деді Н. Нұров.
Шынында да бұқаралық сипатқа ие болған бүгінгі Алматы Марафонына белгілі тұлғалар да қатысты. Олардың арасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішов, атақты альпинист Мақсұт Жұмаев, белгілі жиhанкез Мағжан Сағымбаев, актриса Аружан Жазылбекова, цирк артисі Мұрат Мұтырғанов және басқа да белгілі тұлғалар болды. Тіпті «Жұлдызды соғыстар» фильмінің басты кейіпкерлерінің бірі — Дарт Вейдердің, бамбуктік аю — Панданың маскасын киіп жүгіргендер де жұртшылықтың назарына ілікті.