1-ереже. Ақпаратты әрдайым тексеріңіз

Брондау қызметтері жарнамаларды мұқият тексереді, бірақ адам факторы туралы ұмытпаңыз. Тым арзан ұсыныстарды сатып алмаңыз. Сапарды жоспарлау кезінде пәтер иелеріне алдын ала хабарласыңыз. Сондай-ақ, достарыңыздан сұраңыз немесе Facebook-ке аталған орныңыз туралы жазыңыз. Мүмкін, біреу сіз таңдаған жатақхана немесе қонақ үй туралы білетін шығар.

2-ереже. Ақша мен құжаттарыңызды көзден таса қылмаңыз

Қолма-қол ақшаңызбен несие карталарыңызды кішкентай сөмкеге салып, діттеген жеріңізге жеткенше оны әрдайым бірге ұстаңыз. Ұшақтағы немесе купедегі көршіңіз қаншалықты мейірімді болып көрінсе де, жұмыстарыңызбен сыртқа шығарда заттарыңзға қарай тұруын сұрамаңыз. Қонақ үйге немесе пәтерге келгеннен кейін құнды заттарыңызды сейфке (егер бар болса) немесе чемоданға салып қойыңыз. Және де құлыпты кодтауды ұмытпаңыз. 

3-ереже. Құжаттардың көшірмесін пайдаланыңыз

Құжаттарды жоғалтып алудан, ұрылардың шабуылынан қорғану үшін сапарға дейін құжаттарды сканерлеп, суреттерін телефонға түсіріп алу керек. Одан өзге медициналық сақтандыру, жүргізуші куәлігі т.б маңызды құжаттардың да көшірмесін жасап қоюды ұмытпаңыз.

Егер сізді тонап кетсе, не істеу керек? Мұндағы басты ереже — сабырлы болу! Осы күнге дейін бар қаржысынан айырылып қалған жалғыз сіз емес. Полицияға арыз жазып, енді үйге қалай бара алатыныңызды немесе саяхатыңызды қалай жалғастыратыныңызды ойлаңыз.

4-ереже. Ұялы телефоныңызға мұқият болыңыз

Тәжірибелі туристер саяхатқа тек ескі телефондарды алып қоюды ұсынады. Бірақ бұл  дұрыс емес. Смартфон — саяхатшыға арналған навигатор, кассир және гид. Бірақ қымбат смартфондар ұрылар үшін үлкен олжа. Сондықтан да суретке түскенде немесе Wi-Fi желісін іздеген кезде құрылғыңызды сөмкеңіздің түп жағына салып қойыңыз.

5-ереже. Өзіңізбен қолма-қол ақша алып жүрмеңіз

Әсіресе, қомақты қаржы алып жүру қауіпті. Сапар алдында ақшаңыздың аз ғана бөлігін шетел валютасына өзгертіп, қалғанын картаңызға салып қойыңыз. Бұл арқылы, сіз,  ұрлықшылардың көзіне түспейсіз. Егер, жаныңызда серігіңіз болса, ақшаңыз ұрланған жағдайда ақшасыз қалмау үшін қаржыңызды екіге бөліп ұстағаныңыз абзал.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!