Басты бетЖаңалықтарДархан Кәлетаев...

Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын», — делінген жарлық мәтінінде.

Жаңа министрді таныстырған ҚР Премьері Бақытжан Сағынтаев Нұрлан Ермекбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

«Ведомствоның құрылғанынан бері бір жарым жыл ішінде оның басшылығымен министрлік жұмысы жүргізілді, барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, кәсіби ұжым қалыптасты», — деді Бақытжан Сағынтаев және Нұрлан Ермекбаевқа алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.