Мамандардың айтуынша, тозған жеделсатылар тұрғындардың өміріне қауіп туғызып отыр.
Қала билігі бұл мәселенің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.
«Жалпы алғанда, Алматы қаласының тұрғын үй қорында шамамен 3500 лифті бар. Оның ішінде 25 жылдан бері ауыстырылмаған лифтілер де жетерлік. Бүгінде 1700 лифт (45%) ауыстыруды талап етеді. Осы уақытқа дейін 166 үйде 375 лифті ауыстырылды, Оған 1 млрд 930 млн теңге қаржы жұмсалды. Былтыр 94 үйде 199 элеватор ауыстырылды. Бұдан басқа биыл 1 млрд 443 млн теңгеге 105 үйдегі 222 лифті ауыстырылады. Бұл жұмыстарды биыл 15 тамызда аяқтау жоспарланған», — деді Әнуар Өскенбаев.
Бөлім басшысының айтуынша, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында «Алматы тұрғыны» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуден өткізеді.
«Осы уақытқа дейін жоспардағы 539 тұрғын үйді жөндеуге 5 млрд 252 млн теңге жұмсалды. 284 үйде күрделі жөндеу жүргізілді. Ескірген лифт қондырғыларының орнына 88 үйде жылу алмастырғыштар орнатылды», — деді Әнуар Өскенбаев.