Басты бетЖаңалықтарБиатлоншы Роман...

Биатлоншы Роман Еремин екі дүркін Азия чемпионы атанды

Ақмола облыстық дене шанықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша, Щучинск қаласындағы шаңғы базасында Астананың 20 жылдығына арналған IBU аясында биатлоннан ашық Азия чемпионаты өтті.

«Байрақты жарысқа Ресей, Қырғызстан Республикасы және еліміздің әр өңірінен келген 100-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде ақмолалық биатлоншы Роман Еремин масс-старт әдісі бойынша жарыс жеңімпазы атанды. Бұл оның Азия чемпионатында қол жеткізіп отырған екінші алтын медалі. Одан кейінгі орындарға Владислав Витенко мен Тимур Куц жайғасты. Сонымен қатар, ақмолалық жас биатлоншы Вадим Куралесов та жақсы нәтиже көрсетті. Ол Владислав Киреев пен Дионис Родунерді алға жіберіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді», дейді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Бурабай ауданының Щучье қаласында өткен биатлоннан ашық Азия чемпионатының алғашқы күні ерлер арасында өткен 20 шақырымдық жарыста Ақмола облысының Сандықтау ауданынан қатысқан Роман Еремин үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Дереккөзkazinform.kz