Жарыста әрбір қатысушы өз шеберлігін паш ету тиіс болған. Бұл үшін «Айнабұлақ» демалыс аймағында арнайы жол дайындалды. Бұл жолмен жүру оңай болмас үшін ол әдейі бұралаң-бұрылысы көп етіп жасалды. Халықаралық дәрежедегі сайыс талаптары ескерілді.
Додаға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінен спортшылар қатысты. Бір қызығы, бұл жарыста 5 жастан асқан балалар да бақ сынады. Олар қуаттылығы 50 шаршы см қозғалтқышты мотобайкпен бегіленген қашықтықты жүріп өтуіс тиіс болды.
Бірінші болып жарыс жолына жас байкерлер шықты. Балалар қатарында 5 жасар канадалық Пьер де өнер көрсетті. Ол осы күнге дейін әлемнің талай қаласында болған екен. Екінші кезекте жастар қиын бұрылыстар, дөңес кезеңдерден секіріп, биік белестерден құлдилай түсіп, шеберлігін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша, Ресей мен Қазақстан спортшылары үздік деп танылды. Ал шымкенттік байкерлер үздік мотокоманда атанды.