Наурыз – жалпыхалықтық мереке. Бұл күні жастар бас қосып, ауылдың алты ауызын айтып, Наурызды ерекше думанмен өткізген. Күндіз алтыбақан теуіп, түнде ақсүйек ойнаған. Кешкілік дастархан басына жиналып, әзілдесіп-күлісетін. Осылайша, жастар өздерінің теңін табуға, ұнатқан адамына сезімін білдіруге тырысып қалатын. Оның дәлелі – селтеткізер мен ұйқыашар. Ал қарияларға арнайы «белкөтетер» деген тағам дайындау дәстүрі болған.

Қазақтың дәстүрлі дінінде сыйлық жасау дәстүрі адамдардың арасындағы достық пен сүйіспеншілікті нығайтатыны туралы айтылған. Атап айтсақ, Әбу Һурайра (р.а.): «Бір-біріңе сыйлық жасаңдар, бір-біріңді жақсы көресіңдер[1]», – деген хадис жеткізген. Осы орайда сыйланған заттың қымбат-арзандығына қарамастан, шын көңілмен қабыл алудың да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екенін ұмытпағанымыз жөн.

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!