Басты бет / Жаңалықтар /
79dd240909870dd8ac6d9cc344fdc809 Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©Egemen.kz

Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер

Ерте кезден қазақ халқы алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі шөптердің қасиеті арқылы әртүрлі аурудың емін тапқан.

Дәстүрлі дінімізді қарайтын болсақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінен бірнеше өсімдіктер атауларын кездестіреміз. Сондай-ақ, Алла елшісі (с.ғ.с) өзі ұнатқан жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдаларын баян етіп кеткен.

Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Елімізде  дәрілік өсімдік түрі өте көп. Атап айтсақ, арша, алтын тамыр, жолжелкен, жусан, итмұрын, т.б. шөптердің кез келген ауруды жазатын емдік қасиеті бар.

Алтын тамыр

256f007f14841d81b418f59d00da1122 Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©songkhoe.vn

Бұл — сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып жібереді.

Арша

c23b2b54e0abc822af5662f4c871381b Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©archiland.biz

Арша биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Халық емінде арша жемісі несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Сондай-ақ, аршамен тіс тазалау пайдалы.

Дермене жусан

582b36174c243209fca956ba550d0226 Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©kukkatarha.fi

Жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Итмұрын

dc073ea25fd5b9cc17b1fac2b5a11979 Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©uniface.kz

Итмұрын жемісінің құрамында  С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Жалбыз

799c4f22395b4ae5b23f2d63056c74ae Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©futuretvnetwork.com

Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Жолжелкен

f430d8dade09f03d05a1ece899efbd0d Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©canacopegdl.com

Жолжелкен Алматы облысының барлық жерлерінде өседі. Оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген заттар бар. Дәрі мақсатында жолжелкеннің жапырақтары, сабақтары, ұрығы және тамырлары пайдаланылады. Жапырақтарын маусым-шілде айларында жинайды. Жапырақтарды көленкелі ашық ауада, желдеткіші бар үйде жайып кептіреді.

Жұпаргүл

4b9b06939b6a00754f11c6a4ea788e8f Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер
©shkolazhizni.ru

Бұл өсімдік бронхит, пневмония кезінде қақырық түсіру мақсатында қолданады. Басқа шөптердің қосындысымен бронхиальді астманы да емдеуге қолданады. Жұпаргүл тұнбасынан экзема, қышыма дерматоз, фурункулез, іріңді ісік, диатез кездерінде компресс немесе  шипалық ванна жасаған дұрыс. Бас жиі ауырған кезде де жылы қайнатпасымен басты жуған абзал. Бірақ, жұпаргүлден жасалған тұнбаларды  екіқабат әйелдерге, созылмалы гастриттің гиперацидтік түрі кезінде, асқазан немесе ұлтабар жаралары барларға, гипертоникалық ауыруы барларға ішуге болмайды.

Қазіргі кезде ауруды өсімдіктермен емдеу үй жағдайында қолайлы бола бастады. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде  өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз

6 Пікір

  1. Қ
    Қорлан 2 жыл бұрын
    Рахмет ?
  2. Б
    блмим 2 жыл бұрын
    рахмет
  3. А
    Аноним 2 жыл бұрын
    Керемет бірақ қуық деген сөз болмағанда
    1. С
      Сөздік 9 ай бұрын
      Сөздіктен қарасақ ондай сөз бар. қуыққа суық тию → простуда мочевого пузыря
  4. Д
    Дико 9 ай бұрын
    Қуық деген сөз жоқ
    1. С
      Сөздік 9 ай бұрын
      Сөздіктен қарасақ ондай сөз бар. Қуық деген сөз бар. қуыққа суық тию → простуда мочевого пузыря