Басты бетЖаңалықтарҚазақстаннан Моңғолияға...

Қазақстаннан Моңғолияға қатынайтын «Астана-Ұланбатыр» әуе рейсі ашылғалы жатыр

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қалыбек Қобландиннің айтуынша, қазіргі кезде рейсті ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Екі ел арасындағы күрделі проблемалардың бірі — көліктік-логистикалық байланыс. Яғни, тікелей ұшу рейстерін ашу қажет. Қазіргі кезде «Астана-Ұланбатыр» әуе рейсін ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Аманшылық болса, осы 2018 жылы екі ел арасында тікелей әуе рейсі ашылады деген жоспар бар», — деді Қ.Қобландин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Моңғолияға апаратын автокөлік жолдары Ресей арқылы өтеді. Бүгінде «Алматы — Өлгей» мен «Астана-Өлгей» сияқты автобус қатынастары бар. Бұдан бөлек, «Өскемен-Риддер-Ташанта» атты қысқа жолмен де қатынауға болады. Аталған бағытта Қазақстан Риддерден Ресей шекарасына дейінгі учаскенің құрылысын аяқтады. Алайда Ресей Федерациясы Моңғолияға дейінгі жолды бітірмей отыр.

Дереккөзkazinform.kz