Бұған дейін байқау үміткерлерінің ресми фотосессиялары ұйымдастырылған болатын. Аруларды фотоға әлемдік сән журналдарының мұқабасына суреттері шығып жүрген fashion саласының маманы Марета Келигова түсірді. Биыл байқауда қыздардың табиғи сұлулығына басымдылық берілді.
Естеріңізге сала кетейік, финалда Қазақстанның әр қаласынан келген 20 жеңімпаздан басқа, инстаграм-кастингтен сұрыпталған 10 сұлу қосымша қатысады. Ақпанның басында ұйымдастырылған кастингке 17-25 жас аралығындағы кез келген ҚР азаматшасы қатысқан болатын.
Отбасылық жағдайларына байланысты байқауға «Теміртау аруы», «Қызылорда аруы» келе алмады, оқу жағдайын байланысты «Петропавл аруы» байқаудан бас тартты. Олардың орнын қаланың бірнші вице-арулары алмастырды.
22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы — 2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған.