Басты бетЖаңалықтарWhatsApp мессенджері...

WhatsApp мессенджері тағы бір жаңа қосымшаны іске қосты

Аталған қосымша WhatsApp тізіміндегілердің қай уақытта оянып, қай кезде ұйықтайтынын көрсетеді.

«Chatwatch қосымшасын туыстарыңыздың, достарыңыз бен қызметкерлеріңіздің белсенділігін бақылап отыру үшін пайдаланыңыз», — делінген қосымшаның сипаттамасында.

Сондай-ақ, Chatwatch тізімдегі адамдардың бір-бірімен сөйлескен-сөйлеспегенін анықтауға көмектеседі. Ол үшін қосымша бірнеше қолданушының мәліметтерін салыстырады. Осылайша Facebook компаниясы қолданушылардың мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатындарын көрсетпек.

Lenta.ru басылымының хабарлауынша, қосымшаның бағасы — 1,99 доллар. Осы ақшаға қолданушылар WhatsApp тізімінде бар екі адамды бір апта бойы бақылауға мүмкіндік алады.

Мұнымен қатар, қосымшаның құрастырушылары жиналған ақшаның Дональд Трампқа қарсы бейкоммерциялық саяси ұйымды қаржыландыру үшін жұмсалатынын айтады.

Дереккөзbaq.kz