Первому игроку приготовиться

Жанры: Ғылыми қиял-ғажайып, атыс-шабыс

Режиссері: Стивен Спилберг

Шығарған ел: АҚШ

2045 жыл. Әлемде хаос болып жатыр. Адамдар өздерін аман сақтап қалу үшін OASIS ойынын ойнауға мәжбүр. Ол — виртуалды өмір ғаламшары. Ойынды жасаған ғалым жеңімпазға барлық байлығын мұраға береді. Ол үшін ойынға қатысушылар цифрлы «Пасха жұмыртқасын» табуы керек. Байлыққа құмартқандар көп. Уэйд Уоттс та бұл сында өз бағын сынап көрмекші…

Не в себе

Жанры: Триллер, қорқынышты

Режиссері: Стивен Содерберг

Шығарған ел: АҚШ

Басты кейіпкердің соңынан үнемі біреу аңдып жүр. Одан құтылу үшін қыз басқа қалаға көшіп кетеді, бірақ пайда жоқ. Психологтан көмек сұрап, психиаторлық орталыққа тап болады. Сол кезде өзінің ең үлкен қорқынышымен бетпе-бет келеді. Бірақ оның шындық немесе қиял екенін өзі де білмейді. Айтқандарына ешкім сенбейді, ешкімнің көмектескісі келмейді…

Я сражаюсь с великанами

Жанры: Драма, триллер, қиял-ғажайып

Режиссері: Андерс Вальтер Хансен

Шығарған ел: Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ

Барбара Торсонның ерекше қасиеті бар. Ол алыптар әлемін көре алады. Бір күні ол алыптардың адамдарға қауіпті екенін біліп қояды. Оларды тоқтату керек, бірақ Барбараға ешкім сенбейді. Енді ол жалғыз өзі адамзатты құтқарып қалмақ…

Каникулы президента

Жанры: Комедия

Режиссері: Илья Шерстобитов

Шығарған ел: Ресей

Жұмысынан шаршаған президент Қырымға демалысқа жалғыз өзі аттанады. Ешкім танымауы үшін, бір жағынан халықпен емін-еркін сөйлесу үшін грим жасатады. Президенттің жаңа образы коллекторлардан қашып жүрген Валериядан аумай қалады. Енді оны небір қызық күтіп тұр…