Головкин — Альварес жекпе-жегі: Реваншты жарты жылға шегеру ұсынылды

«Невада штатының атлетикалық комиссиясы «Канелоны» кінә деп тапса да, реваншты жаздың соңына дейін кейінге қалдыру керек. Ең жақсысы — ойынның тең екеніне көз жеткізу. «Канело» осы сәттен бастап жазға дейін немесе қыркүйекке дейін үнемі допинг-сынамадан өтіп тұруы тиіс. Дәл қазір ол Головкиннен әлеуетті басымдыққа ие. Сондықтан, дәрінің күші толықтай кеткеніне көз жеткізу үшін  жекпе-жекті төрт-алты айға кейінге шегеруі керек. Головкин «Канелоны» лагерьге дейін тексерулерін сұрауы тиіс,  сонда ғана ол доппинг алаяқпен жұдырықтасып жатпағанына сенімді болады», — деп жазды Крис Уильямс.

Еске салайық, Головкин — Альварес реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

Дереккөзsports.kz