Тест: Наурыз туралы аңыздарға қаншалықты сенесіз?

Наурыз мейрамына қатысты аңыздарды естігенсіз бе? Олар қаншалықты шындыққа жақын?

0%

Наурыз мерекесін ертеде еуропалықтар да тойлаған деген аңыз рас па?

Дұрыс! Қате!

Бұл - шындыққа жанасатын аңыз. 18-ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар.

Наурыз діни мереке ме?

Дұрыс! Қате!

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл - қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Күн мен түн тек наурызда теңеле ме?

Дұрыс! Қате!

Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Күн мен түннің күзгі теңелуі Күн солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауған кезде орын алады. Ол қыркүйек айының 22 немесе 23 жұлдызына сәйкес келеді.

Наурыз мерекесін қазақтар ертеде қалай атаған?

Дұрыс! Қате!

«Наурыз» сөзінің парсы тілінен келгені рас. Алайда қазақтар бұл мерекені ертеде "Наурыз" демей, "Амал" деп айтқан.

Наурыз түнінде даланы аралайды деген Қыдыр ата өмірде болған ба?

Дұрыс! Қате!

Қыдыр немесе Қызыр - Мұса пайғамбардың (а.с.) дәуірінде өмір сүрген, пайғамбар болуы мүмкін, хикмет пен ілім иесі. (Құдайберді Бағашар)

Халықтың ежелгі наным - сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер - көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл құбылысты қазақта қалай атайды?

Дұрыс! Қате!

Әз - қыстың бітіп, көктемнің басталғанын білдіретін табиғаттың белгісі. Бұл құбылысты "әз жүрді " деп атайды. Сондай-ақ, бұл сөзді "дана" деген мағынада да қолданады.

Аңызды толықтырыңыз: ..., сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – Ұлыстың Ұлы күні деп жариялайды.

Дұрыс! Қате!

"Ұлыстың Ұлы күні" деп айтылу жөнінде ел аузында көп аңыздар бар. Соның бірін Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұрт тауына келіп тоқтаған күнмен байланыстырады.

Аңыз: Қай оқиға Ұлыстың Ұлы күні қайталанып отырады?

Дұрыс! Қате!

Егер Ұлыстың Ұлы күнінде өкпе-ренішін қия алмаса, «Сен тастан да қаттысың ба, бұл күні Самарқанның көк тасының өзі жібиді ғой» деп наз айтатын болған. Бұл - Ұлықбектің обсерваториясындағы аспан денелерін белгілеген үлкен көк тас.

Наурыз мейрамы ислам дініне қайшы ма?

Дұрыс! Қате!

Наурыз - қазақтың төрт мыңжылдық тарихы бар дәстүрлі мерекесі. Ол Ислам дініне қайшы емес.

Наурыз туралы аңыздарға қаншалықты сенесіз?
Керемет! Сіз аңыз бен шындықтың аражігін оңай ажыратасыз!

Жаман емес!

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.