16-18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жауын-шашын жаууына және күннің жылынуына байланысты еріген қар суынан су деңгейлері көтерілуі және жайылуы мүмкін екені туралы қауіп бар.
16-17 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын болып, қардың еруінен су деңгейі көтерілуі мүмкін.
17-18 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында жауын-шашын мен ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілуі ықтимал.
18 наурызда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын мен күн жылынуына байланысты су деңгейі көтерілуі және су жайылуы мүмкін екені жөнінде қауіп бар.
18 наурызда Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын мен жылы ауа температурасының сақталу болжамына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін.