Басты бет Жаңалықтар 17 наурыз күні марафонға байланысты әл-Фараби көшесі жабылады

17 наурыз күні марафонға байланысты әл-Фараби көшесі жабылады

Алматыда көктемгі марафонға байланысты әл-Фараби көшесі жабылатын болды.

Спорттық шара сенбі күні, 17 наурызда, таңғы 6-дан түскі 12-ге дейін өтеді.

Автокөліктерге Қозыбаев көшесінің солтүстігінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол жабық болады.

«Биыл екінші көктемгі марафонға 1000 адам тіркелген. Бұл Алматы марафонының финалдық жарысына дайындықтардың бірі болып табылады», — деді Алматы Марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Спорттық шарадан соң жол қозғалысы қалпына келтіріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version