Басты бет Жаңалықтар 25 қаңтар күні Астанада қай жолдар жабық болады?

25 қаңтар күні Астанада қай жолдар жабық болады?

Бұгін, 25 қаңтар күні Астанада 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алауы жағылып, эстафета басталды. Алау Назарбаев Университетінен қалалық әкімшілікке дейін барады. Осыған байланысты қалада бірнеше көлік жолы жабылды.

Эстафета екі бөлімге  бөлініп, Қабанбай батыр – Достық – Қонаев – Қабанбай батыр –  Бараев – Республика алаңы – Кенесары көшелері арқылы өтеді. Алау ұстаушылар барлығы 12 шақырымды жүріп өтпек.

Қала әкімшілігінің хабаралуынша, бүгін сағат 12:45-тен  15:00-ге дейін төмендегі жолдар жабылады:

— Түркістан көшесінен Д. Қонаев көшесі арқылы Қабанбай батыр даңғылына дейін;

— Қабанбай батыр даңғылынан Республика алаңындағы «Рамстор» дүкенінің көлік тұрағына дейін;

— Республика алаңынан Кенесары көшесіне дейін;

— Кенесары көшесінен Астана қаласының ескі алаңына дейін.

Жолдар шара аяқталғанша жабық болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version