Басты бетЖаңалықтарНұртай Сабильянов:...

Нұртай Сабильянов: 7 пайыздық несие беріле бастауы мүмкін

«Елбасымыздың бүгінгі бастамасында халыққа жеңілдетілген несие беру мәселесі  толық шешімін тауып отыр. Енді біз Президент бастамаларын жаңа заңдар, жаңа нормативтік-құқықтық актілер қабылдау арқылы сапалы түрде жүзеге асыруымыз қажет», — деді депутат.

Оның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы арқылы халық 25 жылға 7 пайызбен  несие алуға қол жеткізеді.

«Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы да алуға мүмкіндік туындайды. Қазіргі уақытта Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы ғана несие беріліп жатыр. Ал бұл банктің барлық өңірде бөлімшелері жоқ. Сондықтан халыққа қай банк ыңғайлы болса содан жеңілдетілген несие беру қолға алынады. Яғни, Қазақстанның барлық банктері осы бағдарлама аясында жеңілдетілген ипотекалық несие беру мүмкіндігін ие болады. Елбасының осы бастамаларын заңмен қамтамасыз етіп, бюджет нақтыланғаннан кейін жеңілдетілген несие беру басталады деп ойлаймын. Меніңше, осы жылдан бастап халық жеңілдетілген несие алып қалуы ықтимал. Өйткені, республикалық бюджет нақтыланған кезде Елбасының осы бастамаларын жүзеге асыруға арналған қаражаттар қарастырылады», — деді Нұртай Сабильянов.

Депутаттың пайымынша, жаңа бағдарламаның жүзеге асырылуы тұрғын үйлердің қымбаттауына түрткі болмайды.

«Қазіргі уақытта үйлердің бағасы бірқалыпты, тұрақты. Қайта тұрғын үй салу арқылы бізде шағын және бизнес дамып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», — деді ол.

Дереккөзkazinform.kz