Басты бетЖаңалықтарКонъюнктивит соқырлыққа...

Конъюнктивит соқырлыққа әкеледі

Бұл дертпен ауыратындар көз ауруларының 30% құрайды. Балаларда көбінесе бактериялық конъюнктивиттер кездеседі.

Конъюнктивит қандай ауру?

Конъюнктивит  — көздің дәнекер қабығының ауруы. Яғни, қабақтың ішкі үстіңгі жағын және көз қарашығының алдыңғы бөлігін жауып тұратын шырышты қабықтың қабынуы. Конъюнктивит көз қарашығының қызаруы, шырышты немесе шырышты-іріңді заттардың бөлінуі, жас ағуы, жарықты ұнатпау, көздің түйіліп ауыруы сияқты белгілерден білінеді.

©telacare.com

Неден пайда болады?

Аурудың пайда болуына нашар желдетілетін үйлердегі тозаң мен түтін, сондай-ақ, организмнің кейбір жалпы аурулары, тамақтану тәртібінің бұзылуы ықпал етеді. Созылмалы конъюнктивит дәрігер тағайындаған көзәйнекті пайдаланбаудан да болады.

Көз ауруы микробтардан (кейде дифтерияның немесе соз ауруының қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда болып, тез өршиді, іріңді заттар бөлінеді, ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Шырышты қабыққа кейде аздаған қан құйылуы мүмкін. Бұдан екі көз де зақымданады.

©physiatrics.ru

Ауру орта есеппен 2 – 4 аптаға созылады. Инфекция көзге кір, лас орамал, сүлгі арқылы түседі.

Емдеу жолдары қандай?

Алдымен көзді қайнаған суға батырылған таза матамен іріңнен тазарту керек. Сонан соң антибиотиктік көз майын жаққан дұрыс.

Көзге тамшы тамызу
©telacare.com

Бұл ауру кезінде мына жағдайды есте ұстаған жөн. Кеп жағдайда конъюнктивит өте жұқпалы болады. Инфекция бір адамнан екінші адамға тез тарайды. Көзі қызарған баланы басқа балалармен ойнатпау керек. Сақтық ретінде басқа балалар пайдаланатын сүлгіні пайдаландырмаған жөн.

Қандай дәрігерге көрінген дұрыс?

Конъюнктивит белгілері байқалғаннан-ақ, офтальмолог-дәрігерге көрінген жөн. Егер аллергиялық түрде болса, аллергологтан кеңес алу да артық етпейді. Аллергияның неден болғанын да анықтау керек.