Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабаралады.
Мемлекет басшысы Баку қаласында орын алған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», — делінген жеделхатта.