Қазіргі таңда Бостандық ауданында, Villa boutiques & restaurants кешенінің алдында, сондай-ақ, Медеу ауданында, «Спартак» стадионында орналасқан мұз алаңдары жұмыс тоқтатты. Наурыздың 2-сі күні Жібек жолы–Абылай хана және Алатау ауданы әкімдігінің маңында орналасқан мұз айдындары жабылады.
Ал қалған алаңдар тәулік бойы өз жұмысын 10 наурызға дейін жалғастырады. Яғни, қазіргі таңда іске қосулы мұз айдындары Бірінші Президент саябағы, Дубок шағын ауданы және Түрксіб ауданында, «Март» сауда орталығының алдында орналасқан.
Айта кетейік, мұз айдындар маңында конькиді жалға алу және тамақтану орталықтары қарастырылған. Олар сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді бір сағатқа жалға алу 600 теңге.
Егер өз конькилеріңізбен келсеңіз, тегін сырғанай аласыздар. Бұл жоба Алматы қаласы әкімдігінің колдауымен ұйымдастырылды.