Я — жених!

Режиссері: Нұртас Адамбай

Шығарған ел: Қазақстан

Әлия сүйген жігіті Саматты ата-анасымен таныстырмақ, алайда күйеу жігіт бұл маңызды күні қалаға ұшып келе алмай қалады. Әлия досы Тимурға уақытша жігіті болып, ата-анасымен танысуды ұсынады. Тимур өзін алда не күтіп тұрғанынан хабарсыз. Әлияның әкесі, отставкадағы генерал, өзінен рұқсат сұрамастан, қызына үйлену туралы ұсыныс жасаған жігітке ашулы. Тимур бұл үйде 5 күн шыдай ала ма? Құпия ашылғанда не болмақ?

Бойжеткен. Всё из-за неё

Режиссері: Абдель Фифтибаев

Шығарған ел: Қазақстан

Әнел шетелде білім алып жатқан қыз. Туған қаласына жазғы демалыста ғана келеді. Бұрын ештеңе қызықпаған, бәрінен тез жалығатын бойжеткен Дэн есімді көше музыкантын көргенде, бірден өзгереді. Дэн болса, қыздың назарын аудару үшін музыкалық топ құрады. Алайда екеуі бірге болу үшін көптеген кедергілерден өтулері керек. Дэн дұрыс таңдау жасай ала ма? Екі ғашықтың махаббат хикаясы баянды бола ма? Оны фильмнен көре аласыздар.

Мэри и ведьмин цветок

Режиссері: Хиромаса Ёнэбаяси

Шығарған ел: Жапония

Мэри қарапайым ауылда тұрады. Ол үшін бәрі қызықсыз, сұрықсыз болатын. Ал сиқырлы гүлді тауып алған кезде өмірі 180 градусқа өзгереді. Гүл арқылы сиқырлы патшалыққа тап болады. Онда барлығы Мэридің арманындағыдай көңілді, бірақ бұл әлемге қауіп төніп тұр. Себебі жеті жылда бір рет ашылатын гүлді қолға түсіргісі келетіндер көп. Мэри мен оның достары ертегі әлемін құтқарып қалулары керек. Бұл сынақ оларға нағыз достықтың қадірін ұғындырады, армандардың орындалатынын көрсетеді.

Ограбление в ураган

Режиссері: Роб Коэн

Шығарған ел: АҚШ

Америка метеорологтары өте үлкен дауыл келе жатқанын болжайды. Осыны естіген бандалар табиғи апатты пайдаланып, АҚШ қазынасынан 600 миллион долларды ұрлап кетпекші. Бірақ олар дауылдың өте қауіпті 5 деңгейде болатынын білген жоқ…

Со дна вершины

Режиссерлері: Яна Поляруш, Тамара Цоцория, Константин Кутуев

Шығарған ел: Ресей

Фильм шынайы оқиғаға негізделген: Алексей Царёв — мектептің бетке ұстар оқушысы, тау шаңғысынан жасөспірімдер құрамасының үкілі үміті. Бәрінен бірінші болып үйреніп қалған, ешқашан жеңіліп көрмеген. Оның сүйген қызы бар. Есімі — Лена. Алайда жігіттің жан досы Костя да Ленаны жақсы көреді. Бірақ бәрі бір сәтте өзгереді. Костяның кінәсынан Алексей қайғылы жағдайға тап болады. Олардың достығы бұндай сынаққа төтеп бере ала ма?

Погружение

Режиссері: Вим Вендерс

Шығарған елдер: Германия, Франция, Испания, США

Картина махаббат хикаясы туралы: Жігіт — барлау қызметінің офицері, қыз — ғалым-океанолог. Екеуі де өмірлеріне қауіпті тапсырманы орындаулары керек: жігіт Сомалидегі соғысқа аттанады, қыз мұхит түбіне экспедицияға кетеді. Олар өліммен бетпе-бет келгенде не істейді? Махаббаттарын құтқара ала ма?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!