Астанада алғыс айту күніне орай қандай шаралар өтеді?

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

1 наурыз Алғыс айту күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклі, ал М.Горький атындағы орыс драма театрында «Курт – драгоценный камень» қойылымы көрермендер назарына ұсынылатын болады.

Астананың Қуыршақ театры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін «Лесная сказка о добрых соседях» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімін сахналайды.

Сонымен қатар, елордалық кітапханашылар Қарттар үйінде «Құрмет пен ізет құшағында» көшпелі шарасын ұйымдастырады. Ал «АЛЖИР» мұражайына келушілер мерекеге орай ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалай алады.

Бұдан бөлек, Астанада Алғыс айту күніне орай 2 концерт өтеді. 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында «Мың алғыс» концерті, ал 3 наурызда «Жастар» сарайында «Один народ – одна семья» концерті көрермендер назарына ұсынылады.

Алғыс айту күні Қазақстанда 1 наурызда аталып өтіледі.  Бұл мереке Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылы бекітіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған.

Мерекелік шаралардың толық тізімі төменде келтірілген.

р/с

Шаралар Орындау мерзімі Өткізу орны
1.  Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Алғыс айту күніне орайластырылған концерттік бағдарлама 3 наурыз «Жастар» сарайы

к/к залы

2.  Алғыс айту күніне орайластырылған «Мың алғыс» концерті 1 наурыз

17.00

Бейбітшілік және келісім сарайы
3.  «Ғасырдан да ұзақ күн»  спектаклі, драма 1 наурыз

19.00

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
4.  «Потенциал» шығармашылықты дамыту орталығымен бірлескен жоба — «Курт – драгоценный камень» 1 наурыз

18.30

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
5.  «Томирис – царица сакская», Б. Жандарбековтыңэпиклық драмасы 1 наурыз

19.00

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
6.  «Жаныңда жүр жақсы адам» кеші 1 наурыз

11.00

Сәкен Сейфуллин музейі
7.  А.Салаеваның «Лесная сказка о добрых соседях» спектаклі (балалар үйлері, балалар қоры мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық көрсетілім) 1 наурыз

12.00

Қуыршақ театры
8.  «Давайте с думой жить о доброте» ток — шоуы 1 наурыз №8 балалар кітапханасы

Конституция к-сі 2/2

9.  «Тепло казахстанской земли» тарих керуені 1 наурыз №5 балалар кітапханасы

Ш.Құдайбердіұлы к-сі,25/3

10.  «Құрмет пен ізет құшағында» кездесу кеші 1 наурыз

16.00

Қарттар мен мүгедектерге арналған әдістемелік-әлеуметтік мекеме
11.  «День улыбок и теплых слов» ашық есік күні 1 наурыз

күні бойы

№3 балалар кітапханасы

Жеңіс даңғылы,61

12.  «Нам есть, за что судьбу благодарить: история семьи — история страны» көрме-портрет 1-6 наурыз №5 бұқаралық кітапхана

Петров к-сі 14/2

13.  «Жизнь дана на добрые дела» мейірімділік сабағы 27 февраля №2 бұқаралық кітапханасы,

Бөгенбай батыр даңғылы, 50

14.  «Благодарность исходит от души» әңгіме-толғау 2 наурыз №12 бұқаралық кітапхана

Луи Пастер к-сі,73

15.  «Алғыс айту – асыл қасиет» тәрбиелеу сабағы 2 наурыз №9 бұқаралық кітапхана

Тайбурыл к-сі, 7-а

16.  «Под одним шаныраком» шолу-толғау 1 наурыз Орталық қалалық кітапхана

Абылай хан даңғ., 4/1

17.  «Алғыс айту – асыл қасиет» ақпарат сағаты 1 наурыз Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы

Бөгенбай батыр даңғ. ,52

18.  «Сізге мың алғыс!» алғыс айту кеші 1 наурыз №2 балалар кітапханасы

Кравцов к-сі 1/1

19.  «Всемирный день: спасибо» ақпараттық кітапша 1 наурыз

күні бойы

№2 бұқаралық кітапханасы

Б.Бейсекбаев к-сі,1

20.  «Спасибо страна, за счастливое детство!» балалар суреттерінің вернисажы 1 наурыз

күні бойы

№4 балалар кітапханасы

Сәтпаев к-сі,5

21.  «Жас өркен»  клубының отырысы,  «Ризашылық» тілдесу сағаты 27 ақпан

12.30

№15 бұқаралық кітапханасы

Шалкөде к-сі, 2

22.  «Сердце открытое для всех» алғыс айту сағаты 1 наурыз

күні бойы

Көзі көрмейтіндер мен нашар көретіндерге арналған мамандандырылған кітапхана

Таха Хусейн к-сі,2/1

23.  «Мой любимый город Астана» алғыс айту сабағы 1 наурыз

күні бойы

№7 бұқаралық кітапхана

Мереке к-сі, 1 А

24.  «Алғысым шексіз анама» алғыс айту кеші 1 наурыз

11.00

№4 бұқаралық кітапхана

Кемеңгерұлы к-сі, 21