Нұрсұлтан Назарбаев БҚО әкімін қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Алтай Көлгінов өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштердің өскені және мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

«Облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде экономикада оң үрдістердің орын алғаны байқалуда»,– деді БҚО әкімі.

Берілген мәліметтерде 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп, қайта өңдеу секторы мен құрылыс салаларындағы көрсеткіштердің артып келе жатқаны атап өтілген. Жалпы өнім көлемі 2,2 триллион теңгеге жеткен.