Басты бетЖаңалықтарApple смартфонның...

Apple смартфонның үш жаңа моделін шығармақ

Компания қазіргі дейін шығарылып жатқан модельдерге қарағанда экраны үлкен iPhone смарфтонын, iPhone X моделінің жаңарған нұсқасын және негізгі модельдің арзандау нұсқасын нарыққа шығармақ.

Bloomberg-тің хабарлауынша, жаңа смартфондарға iOS 12 жүйесі енгізілуі мүмкін. D33 деген ат берілген үлкен смартфонның экраны 6,5 дюйм болады. iPhone X-тегі сияқты онда да Face ID технологиясы пайдаланылады. iPhone X смартфонының қолжетімді нұсқасында А12 процессоры қолданылады.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, «үлкен» смартфонның екі SIM-карталы нұсқасын шығару да мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр. Бірақ бұл жайлы әлі нақты шешім қабылданбаған.

ДереккөзInform.kz