1. Тамақ ауруын мұз кәмпиттермен емдеу
Арнайы мұз кәмпиттер тамақ ауруын басып, жөтелді емдейді. Егер тісіңізде қаңғұрт болса, оның кері әсері пайда болатынын ескерткіміз келеді. Өйткені мұз кәмпиттерде көп мөлшерде қант болады. Жөтелді мұз кәмпитпен емдеуді жөн көрсеңіз, қантсыз түрін таңдаңыз.
2. Тісті сықырлату
Ұйқыдағы адамдар кейде тісін сықырлатып жатады. Мұны бруксизм деп айтады. Тісті сықырлатудың нәтижесінде эмалі кетеді, тістер сынғыш болады.
Бұл олқылықтың орнын тіс дәрігері емес, психолог жөнге келтіреді. Себебі бруксизм күйзеліс, жүйке жүйелерінің бұзылуынан туындайды.
3. Тіссауытсыз спортпен айналысу
Хоккейді шлемсіз ойлнайсыз ба? Тіссауытсыз бокстасыз ба? Кез келген контактілі спортты қорғаныссыз ойнауға болмайды. Экипировканы ешқашан елеусіз қалдырмаңыз. Америка стоматология ассоциасациясының жасаған зерттеуінің нәтижесінде спорттағы тіссауыт жылына 200 000 тісті аман сақтайды екен.
Тіссауыт қанша теңге тұрады, ал жаңа тістің бағасы қандай? Салыстырып көріңіз. Дұрыс таңдау жасайсыз деген сенімдеміз.
4. Желелі кәмпиттерді жеу
Қанттың, тәттінің тіс жегін тудыратыны белгілі. Алайда кей тәттілердің тым қауіпті екенін көбі біле бермейді. Мысалы, желелі кәмпиттер карамелдерден қарағанда зияны басым. Олар тіске жабысса, тіс орталарына енсе, тазалануы қиын. Сол себепті мұндай тәттілерді жеген соң, тіс жууға ерінбеңіз.
5. Газдалған сусын ішу
Қант пен қышқылдың қосындысы — эмалдің жауы. Лимонадта қанталмастырғыш болса да, оның қышқылы қалып қояды. Бұл екеуі тістің сезімталдығын арттырады.
Газдалған сусынды тісті тазалағанға 30 минут толғаннан кейін ғана ішіңіз.
6. Жеміс шырындарын ішу
Газдалған сусындарға қарағанда, жеміс шырындары пайдалырақ. Алайда оларда қант мөлшері жоғары. Тәтті атаулы ауыз қуысында қалмас үшін, жеміс шырынына таза су қосып ішіңіз.
7. Қытырлақ картоп жеу
Жіңішке қытырлақ картоптар ауыз қуысында ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Тіс тазалағышпен тазалағаныңызша, олардан түгелдей арылу мүмкін емес.
8. Қарандаш, қаламсап басын тістелеу
Бір нәрсе алаңдағанда, ойланғанда, адамдар қарандаш не қаламсап басын тістелеп отырады. Сырт көзге ерсі көрінетін әрекет тіске де, қызыл етке де зиян. Сол себепті мұндай жағымсыз әдеттен бас тартқаныңыз жөн.
9. Кофені көп ішу
Таңғы кофе ұйқы ашқанымен, тісіңізге зиян болуы әбден мүмкін. Кофеиннің әсерінің ауыз қуысы құрғап тұрады. Сілекей азайса, қаңғұрттың өршуі жылдамдырақ жүзеге асады. Қант қосылған кофенің зияны одан сайын көбейеді.
10. Артық тамақтану
Артық тамақтанудың нәтижесінде адамда булимия (мешкейлік) пайда болады. Мұндай кезде лоқсу, құсу жиі орын алады. Асқазан құрамы қышқыл болады. Лоқсу арқылы ауыз қуысына барған қышқылдар тіске үлкен зиян алып келеді.
Мұндай ауруды тағы да стоматологтар емес, психиатрлар немесе психотерапевтер емдейді.