Бүгін Қазақстандағы ең ірі сауда, ойын-сауық орталығы ашылады

Салтанатты іс-шара кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына артистердің, акробаттардың, каскадерлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады.Ұлы Жібек жолының сауда «көшелерімен» импровизацияланған театрландырылған шеру жүріп өтеді, HASSAK этно-фольклорлық ансамбль өз өнерін ортаға салады. Сонымен қатар, қолөнершілер мен суретшілердің шығармашылық алаңы ашылады, орталыққа келушілер шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне де ие болады.

Айта кетейік, MEGA Silk Way СОСО-ның техникалық ашылуы 6 наурызда өткен болатын.

23 наурыз күні MEGA Silk Way СОСО-да өтетін мерекелік іс-шаралардың тізімі:

18:00 — СОСО елордалықтар мен қала қонақтарына есіктерін ашады.

18:00-19:00 — Орталықтың ішімен керуеннің мерекелік шеруі (1-қабат).

18:00-21:30 — Қолөнершілер жәрмеңкесі (1-қабат).

18:30-19:45 — СОСО-ның ресми ашылу салтанаты (келушілер үшін сұрақ-жауап сайыстары өтеді, акробаттардың, HASSAK этно-фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуі, 1-қабат).

19:00-19:30 — Акробаттар шоуы (1-қабат).

19:30-20:00 — Әуе гимнастарының шоуы (1-қабат).

19:30-20:20 — Ағашаяқпен жүретіндер театры (2-қабат).

20:00-21:00 — «Ұлы жібек жолы» театрландырылған көрінісі (1-қабат).

20:00-20:20 — Акробатикалық шоу. 20:20-

20:40 — Эквилибристер шоуы (1-қабат).

20:30-21:30 — Театрландырылған-музыкалық кавалькада (1-қабат).

20:50-21:40 — Ағашаяқпен жүретіндер театры (2-қабат).

21:40-21:50 — Әуе гимнастарының шоуы (1-қабат).

Айта кетейік, «Mega» сауда, ойын-сауық кешенін «Жібек Жолы» (Silk Way) атауды Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Қазақстандағы ең ірі СОСО-ның жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайды. Атриумдардың биіктігі 25 метр.  Ғимарат үш қабаттан тұрады: екі қабаты жер үстінде орналасқан және біреуі — жер астында. Сауда орталығына 9 жерден кіруге болады, оның екеуі — жер астында. 2100 автомобильге тұрақ орны дайындалған, оның 400-і жер астында орналасқан.  Ғимараттың 62 пайыз бөлігін коммерциялық нысандар алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі білім саласына, спорт, ойын-сауық және әлеуметтік жобаларға арналған орындар үшін жасалған.

Сондай-ақ MEGA SilkWay 2 мың адамды жұмыспен қамтитын болады, ал қызмет көрсету компанияларын ескерер болсақ, нысанда 5 мыңға жуық адам жұмыс істеуі мүмкін.

ДереккөзInform.kz