Алимент төлемей жүрген әкелер түрмеге қамалады

Бұрын борышкерлер тек әкімшілік жауапқа тартылып, бірнеше тәулікке қамауға алынып, көлік жүргізу куәліктерінен қағылып, шетелге шығу құқығынан айырылып келген.

Енді алимент төлемей жүрген әкелерге қылмыстық іс қозғалып,  түрмеге қамалады. Семейде 2018 жылдан бастап 10 әке сот шешімімен қылмыстық жауапқа тартылса, 30 әкенің ісі соттың қарауында.

«Қазір кеңсе бойынша 1340 алимент төлейтін әке бар. Бұрын 1723 болған. Оның қазір 168 ғана алимент төлей жүр. Жалпы қарыз мөлшері 129 млн 270 мың 574 теңгені құрайды. Енді олар әкімшілік жауапкершілік емес, қылмыстық жауапқа тартылады»,- дейді жеке сот орындаушы Азанбек Бектасов.

Дереккөзinform.kz