«Ninety One» тобының әншісі «Жас Отан» кеңесіне мүше болды

18 қаңтар күні «Жас Отан» тарихында алғаш рет ұйымның жоғары өкілетті органы – Орталық кеңес мүшелерінің ашық сайлауы жарияланған болатын.

Сайлауда жеңіске жеткен 16 көшбасшы 4 жыл бойы кеңес құрамына кіретін 16 аймақтық филиалдарда қызмет ететін болады. Ал, Орталық кеңесті «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев басқарады. Жеңімпаздар қатарында «Ninety one» тобының әншісі Дулат Мұхаметқалиев те бар.

1 айға созылған сайлау бойынша #jasotansailau хештегі 1 458 рет қолданылып, қатысушылардың видеоүндеуі 100 000-нан астам лайк жинаған. Телеграммда дауыс берген 38 857 адамның 14 467-сі «Жас Отан» құрамында.

Сайланған кеңес мүшелері «Жас Отан»-ның IV съезінде бас қосады және кеңес жұмысының болашақ жоспары, қызметімен танысады.

ДереккөзBaq.kz