«Жас Отан» Жастар қанаты инновациялық жобалар байқауын жариялайды

Жобаға өтінімдер қарашаның 10-на дейін қабылданады.

Қатысушылар жасыл энергетика, агроинновация, робототехника, IT, медицина, латын қарпі, білім және өнеркәсіп салалары бойынша өз жұмыстарын ұсына алады.

Жалпы жүлде қоры 8 миллион теңге. Осы қаражат әр түрлі номинация жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында үйлестіріледі.

Жеңімпаздар «Әлеуметтік маңызды жобалар», «Техностарт», «Үздік жас ғалым», «Жастардың инновациялық жобасы» және «Перспектива» номинациялары бойынша анықталады.

Кез келген идея сәтті бизнеске айналуы мүмкін!

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша: http://zhasotan.kz/projects#project4.